1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  12. Жетісу жəне Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері



бет18/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

12-билет 
12. Жетісу жəне Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. 
Ерте темір дəуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы
этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда,
Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар
қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы
екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде
Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу жəне Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс
беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не
Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда
орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе жəне тағы
басқа қалалар.
42. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған
көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын жəне
батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты,
Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. Б.
Патша казак əскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр жəне басқа орта буынға
жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің
халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы
қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак əскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан
оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. 1778 жылғы мəліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде
Сырымның балалары қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет