1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  13. Қазақстандағы ерте темір дəуірінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
сессия тарих билет

13-билет 
13. Қазақстандағы ерте темір дəуірінің зерттелуі. 
Темір дəуірі – адамзат тарихында қола дəуірін алмастырған, аса маңызды əлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық 
өзгерістерді дүниеге əкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен жəне оны кеңінен қолданумен сəйкес келетін бұл кезеңді 
ғылым тарихында «темір дəуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің 
заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мəдениетінің негізі болып 
келді.Темір дəуірі – тас пен қола дəуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дəуірі деп атап 
кеткен. Қазақстандағы темір дəуірінің басы б.з.д. VIII – б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дəуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII – 
б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дəуірінің хронологиясы: б.з.д. III – б.з VI 


43. Орта жəне Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы. 
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы — 1822 жəне 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. 
Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды. Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уəли хан қайтыс болғаннан кейін 
патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған 
жəне Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы 
жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын.«Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты 
жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп 
Орта жүздегі əкімшілік, сот жəне аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді. Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап 
осылай əрекет жасауды əлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық əлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі 
əлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен 
Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы əлі де хан 
болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне жəне Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. 
Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей 
патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін 
ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет