2-Билет 1.Жартасқа сурет салу өнері- петроглифтер (Байқоңыр, Теректі әулие, Тамғалы) 2.Түргеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы. Түргеш қағанаты — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті.
Үшлік қаған — 699 — 708 жылдар аралығында билік еткен Түргеш қағанатының алғашқы билеушісі. Үшлік қаған мемлекетте әкімш. реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды. Ол елді әрқайсысы 7 мың әскер шығара алатын 20 әкімш. аймаққа бөлді. Хандықтың астанасы болып Шу бойындағы Суяб қаласы таңдалды. Үшлік қағанның екінші жазғы ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үшлік хан 8 ғасырдың басындағы Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. 708 жылға дейін Үшлік қаған Жетісудағы барлық ұсақ тайпаларды бағындырып, әскер санын 200 мыңға дейін жеткізді. Ол 708 ж. қыс айларының бірінде қайтыс болған. Тағына үлкен ұлы Сақал отырды. 708 жылы әкесінің орнына билікке келген. Ол билікте ұзақ отыра алмады және Түргеш мемлекетіндегі ішкі қайшылықтарды жеңе алмады. 708 жылы Сақал қаған шығыс түріктеріне қарсы Қытаймен одақтасады. Ашина әулетінің өкілі Күл Шор ханға қарсы шығады, ал оны қытайлықтар қолдайды. Бұл Сақал қағанның Қытайдың шекаралық бекінісі Аносиге (Куша) шабуыл жасатады. Сақал қағанға қарсы өзінің туған інісі Жену де қарсы шығып, ол шығыс түріктерге барады да, Қапаған қағанды соғысқа итермелейді. 710 жылы Сақал қаған Шығыс Түрік қағанаты әскерінен жеңіліп, қолға түседі. 711 жылы Қапаған қаған Сақал қаған мен інісі Женуді өлтіреді. Сақал қаған қолға түсірілгеннен кейін Түргеш қағанаты уақытша өмір сүруін тоқтатты.
Кейіннен билікке Сұлу қаған келеді.Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.