3.Сталиндік қуғын- сүргін, оның ауқымы мен ауыр зардаптары. 1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.Қазақстанда халыққа қысым жасау саясаты, әсіресе, 1925 жылы қыргүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен күшейді. 20 жылдардың соңында ел ішінде адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі, қорқыныш пен қорғансыздық күйі белең алды.1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері, жақындары тұтқындалды.
Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады.
Ұлт зиялыларының екінші тобы 1930 жылдың қыргүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Ресейге жер аударылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т.б.) лагерьлерде қайтыс болды, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т.б.) жазасын өтегенімен «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды.
Большевиктік режим осылайша қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басында тұрған зиялылар тобын, олар қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды.