1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-1938 ж.ж. жазалау лагерлері: ГУЛаг», «СтепЛаг», «КарЛаг», «Алжир» т.б.)



бет23/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
26. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-1938 ж.ж. жазалау лагерлері: ГУЛаг», «СтепЛаг», «КарЛаг», «Алжир» т.б.). Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді,НКВД, ГУЛАГ, қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды.Оның үстіне,көптеген халықтар этникалық топтардың өкілдері режимнің қыспағымен туған жерлерінен қуылып,солардың бір бөлігі басқа аймақтарға жер аударылса,ал енді бір бөлігі жер аудару кезіндегі адамгершілікке жатпайтын жағдайлардың салдарынан қаза тапты. Осы өз ауқымдары бойынша тарихта бұрын соңды болып көрмеген қылмыстардың өршуіне Қазан төңкерісі мен КСРО дағы Азамат соғысы түрткі болды.Кеңес өкіметі орнап,орныққаннан кейін пролетриат диктатурасының мемлекеті өзінің саяси және таптық қарсыластарын жапппай қудалай бастады.Соның салдарынан бұрынғы Ресей империясының мыңдаған азаматтары эмиграцияға кетті.Тарихи отанын ревалюция және Азамат соғысы кезеңінде сондай ақ 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың бас кезінде күштеп ұжымдастыру кезінде тастап кетуге мәжбүр болған Қазақстан азаматтары да солардың қатарына жатады.Сондықтан Қазақстандағы саяси құғын сүргіннің тарихын бүкіл КСРО ауқымында болған оқиғалармен сабақтастықта қарау қажет. 1929-1930 жылдарда КСРО республикаларында ұлт азаттық қозғалыстарының бұрынғы басшылары мен қатысушылары қарсы жүргізілген алғашқы қуғын сүргін кезеңінде,Қазақстанда Алаш қозғалысына қатысушылар,соның ішінде А.Байтұрсынов,М.Дулатов,М.Жұмбаев,Ж.Аймауытов,М.Тынышбаев,Ж.Ақбаев және т.б. тұтқындалды және әр түрлі мерзімге сотталды. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, комму­нистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын. 1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет