1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігінің мәнін ашыңыз



бет25/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

27. ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігінің мәнін ашыңыз: XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін,саяси көзқарастың өзгеруі үшін , қазақ халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы, білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген сайын , саяси көзқарас өзгеріп отырды. А.Бөкейханов , Т.Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу , Егеменді тәуелсіз ел құру еді
28.Кеңес өкіметінің білім, ғылым саласын реформалаудағы қайшылықтары, сауатсыздықпен күрес, қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуінің салдары.
Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларның қарама-қайшылықтары.
Қазан революциясынан кейін жаңа мәдениет жасау Қазақстанда басталған қайта құрулардың маңызды құрамдас бөлігі болды. Ол мұның алдындағы кезеңдерде қазақ халқы жасаған мәдениет жетістіктеріне сын көзбен қарап, оларды игеру негізінде жүргізіле бастады.


Кеңес мемлекеті мәдени революция процесіне бағыт бере отырып, оған еңбекшілер бұқарасының өздерінің жанды шығармашылығымен белсене қатысуына, олардың басым көпшілігінің «көзін ашып, білім алуға» деген орасан зор ұмытылысына сүйенді. Ана тілі негізінде және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мәдениетті еркін дамыту үшін барлық халықтарға нақты жасалынған жағдайда ғана еңбекшілердің мәдениет тұрғысынан өркендеуі мүмкін. Сонымен бірге ұлттар томаға-тұйықтыққа қарсы күресте ғана, ұлттардың шығармашылық ынтымақтасуы мен өзара рухани баюы негізінде ғана ұлттық мәдениеттердің гүлденуіне жетуге болатын еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет