1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақ АССР және Түркістан Республикасының құрылуы, қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз



бет28/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81
31. Қазақ АССР және Түркістан Республикасының құрылуы, қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Түркістан кеңестік федеративтік республикасы (сондай-ақ Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы, Түркістан Кеңестік Республикасы) - 1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін РКФСР құрамындағы автономиялы республика. Халық саны 5 миллионнан асады. Астанасы - Ташкент қаласы. Басқарушы партия - Түркістан коммунистік партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы автономиялы республика болып саналады.
Тарихы
1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда "Түркістан Кеңестік Республикасы туралы ереже" бекітілді. Съезде: "Түркістан Кеңестік Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады" деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды. Мұның құрылуына Ташкентте Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі басталған табан тірескен қиян-кескі күрес себеп болды. Бұл Федерация өз аттас өңірдің бір бөлігінде құрылды. 1918- 1920 жж. азамат соғысы кезінде Түркістан Республикасының Орталық Ресеймен байланысы болмады. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше сессиясы ұлттық-мемлекеттік шекара бөлу туралы қаулы қабылдады. 1924 жылы 14 қазанда Бүкілресейлік ОАК-нің 2-сессиясы Түркістан Федерациясын жеке автономиялы бірліктерге бөлу туралы шешім қабылдады. 1924 жылы 27 қазанда БОАК (ВЦИК) осы шешімге заң күшін бере отырып бекітті. 1924-1925 жылдары ұлттық мемлекеттік бөлу нәтижесінде Түркістан, Бұқара, Хорезм Республикаларының аумағында Өзбек КСР, Түркімен КСР, Өзбек КСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысы, Қарақалпақ автономиялық облысы мен ТАКСР-дың қазақтар мекендеген аудандары, Сырдария және Жетісу облыстары кірген ҚазАКСР (1925 жылы сәуіріне дейін Қырғыз АКСР, ал 1936 жылы - Қазақ КСР-ы деп аталды) құрылды.
Қазақ АССР және Түркістан Республикасы.
Түркістан АКСР-і (1918-1924 жылдарда өмір сүрген автономиялы республика) Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті (Түрікатком) жанында қүрылып, қызмет атқарған Қазақ бөлімінің тарихы отандық тарих ғылымы тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелініп, ғылыми түрғыдан таразыланған жоқ. XX ғасырдың 20-жылдарының басында Түркістан өлкесі қазақтарының саяси, әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өмірінде үлкен орны мен ықпалы болған аталған бөлімнің сан-саналы қызметін жан-жақты да толық ашып көрсету үшін іргелі монографиялық зерттеудің қажет болатындығын ескерте отыруды жөн көрдім.
Түрікатком жанында қызмет атқарған Қазақ бөлімінің қүрылуының өзіндік тарихы бар, ол 1917-1920 жылдары Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси процестердің нәтижесінде дүниеге келген еді.Тарихтан белгілі, 1917 жылы қарашада Ташкент болыпевиктерінің қарулы төңкерісінің нәтижесінде Түркістан өлкесінде Кеңестердің саяси билігі орнайды. Аталмыш кеңестер өлке халқының небары 5 пайызынан аспаған орыс-еуропалық келімсектердің жүмысшы - мүжық - солдат бүқарасының мүң-мүқтажын жоқтаған, мүддесін күйттеген, сойылын соққан саяси-әскери органы болды. Қүрылған кеңестердің қүрамында алғашында Түркістанның жергілікті мүсылман - түркі халықтарының өкілдері саусақпен санарлықтай болса, ал Ташкенттегі Орталық билік орындарында (Комиссарлар Кеңесінде) бірде-бір жергілікті үлт өкілдері болмады. Қара шекпенді патшалық империяны қызыл түсті кеңес империясы алмастырды.Орыс болышевиктері билеп-төстеген кеңестердің билігіне балама түрде Түркістанның мүсылман-түркі халықтарының зиялылары 1917 жылы күздің соңында Қоқан қаласында, Түркістанның жергілікті халықтарының еркін орындай отырып, «Түркістан Мүхториятың» (Түркістан автономиясын) дүниеге әкелді, бірақ бүл қүрылым 1918 жылы ақпанда Ташкент большевиктерінің агрессиясы нәтижесінде қанға бөктеріліп, қиратылды . Түркістанда монополиялы саяси билікке ие болған орыс большевиктері ұзақ уақыт бойы өлкенің саяси статусын анықтау мәселесі бойынша ешқандай нақты қадам жасамай, саяси көрсоқырлық танытты. Тек 1918 жылы сәуір айының аяғында ғана Түркістан өлкесі - революцияға дейінгі Ресей империясының Түркістан генерал-губернаторлығы «Ресей Социалистік Федерациясының Түркістан Республикасы» деп жарияланды. Бірақ республиканың барлық ресми құжаттарында қысқаша «Түркістан Республикасы» деген атау қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет