1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет37/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Тың игерудің зардаптары. Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды. Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. Нәтижесінде тәртіпбұзушылық пен қылмыс етек алды. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық руханияты ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкіліне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
42. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз. Тоқырау жылдары деп аталатын кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардыңортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде социалисттік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл сайын КОКП- ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор көріне бастады. Қазақ елі тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет, өнер саласында көптеген жетістіктерге жетті. 1978 жылдың ең маңызды жаңалығы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төралқысы республиканың жаңа конституциясы жобасын «Бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды және Кеңестік Қазақстанның соңғы конституциясы қабылданды. Сонымен қатар тоқырау жылдарындағы «Жас тұлпардың» ықпалымен көптеген елдерге танымал болған ансабльдер: Гүлдер, Айгүл, Дос-Мұқасан. Бүгінде ол – өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан шоғырлы ұжымдар болды. Шетелдерде өнер көрсетіп, талайлардың таңдайын қақтырған ұлттық ансамбльдер биік белестерді бағындырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.1975 ж сонымен қатар Олжас Сүлейменовтың жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Бұл кітабында «Игорь жасағы туралы» жырға талдау жасалған. Алайда «Аз и Я» кітабы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды. 1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді. 1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет