109.2019 жылдың наурыз айындағы Елбасы мәлімдемесінен кейінгі жоғары биліктегі өзгерістер. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаев қызметі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Президенті міндетіне 2019 жылдың 20 наурызында кірісіп, 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өткен еді. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70 пайыздан астам дауысын иемденіп, жеңіске жетті. 12 маусымдағы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент өзінің саяси платформасы – Қазақстан азаматтарының басты сауалдарына жауап екенін атап өтті. ҚР Президенті өткір әлеуметтік мәселелерді шешумен, қазақстандық кәсіпкерлерді қолдап, іскерлік белсенділікті ынталандырумен, кең ауқымды орта тапты қалыптастырумен, қоғамның бірлігін қамтамасыз етіп, әр азаматтың құқығын қорғаумен айналысатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы өзінің басты міндеті - әрқашан және барлық жерде Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау екенін атап өттіҚР Президенті қазақстандықтардың ортақ міндеті - азаматтардың конструктивті сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру екенін, билік пен қоғамның тұрақты диалогы жолымен ғана қазіргі геосаясаттың контексіне қарай үйлесімді мемлекет құруға болатынын жариялады. Ол үшін азаматтық қоғамды қолдап, нығайтып, оны мемлекетке ортақ ең маңызды талқыға тарту қажет. Дәл осы мақсатта ротациялық қағидатпен жұмыс істейтін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Президенттің тапсырмасымен Арыс қаласындағы қоймалардан оқ-дәрілер шығарылып, 1 тамызға дейін қаладағы барлық бұзылған ғимарат жөнделіп, қалпына келтірілді. Үкіметтік комиссияның бақылауымен жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары сапалы әрі уақтылы орындалды. Арыста 7 634 ғимарат бүлініп, оның 500-ге жуығы толық жарамсыз болып қираған. Олар қайта салынды. Қаланы қалпына келтіруге 56 миллиард теңге жұмсалса, оның ішінде барлық 45 мың тұрғынға өтемақы ретінде 100 000 теңге, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 472 субъектісіне 10 миллион теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиелер берілді.2019 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құру, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және алға жылжыту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң арқылы көп балалы отбасындағы әр балаға төленетін жәрдемақыны айына 21 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік туды. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейін жеке жәрдемақы енгізілді. Ал Президент осы жылдың 13 мамырында қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы сегіз немесе одан да көп балаға төрт АЕК мөлшерінде немесе одан кейінгі әр балаға 10604 теңге мөлшерінде жәрдемақы белгілейді. Жәрдемақының мөлшері 84 мың теңгені құрайды. 10 балаға - 106 мың теңге берілсе, одан кейінгі әр балаға жәрдемақы төрт АЕК мөлшерінде артып отырады. 2019 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қ.Тоқаев «Педагогтар мәртебесі туралы» Заңға және оқытушы мәртебесі, студенттер мен оқытушыларға жүктемені азайту туралы тиісті өзгерістерге қол қойды. Жаңа заң арқылы жалақыны кезең-кезеңімен арттыруды қарастырды. Айлық 2020 жылдың қаңтарынан бастап орташа есеппен 25%-ға өсті. Заң нормативті оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа дейін төмендетеді. 2024 жылға дейін бұл заңды жүзеге асыруға 5,4 трлн теңге жұмсалады.