1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының күйреуі. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістер. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. (1932-1933 жж.)



бет29/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
32.Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының күйреуі. Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістер. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. (1932-1933 жж.).
Ұжымдастыру
Бесеудің хаты
1932 жылы, 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Коммунистік жоғары оқу орнының оқу ісі жөнін­дегі проректоры Емберген Алтынбеков пен оның орынбасары Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев хат жазады.
Кеңес үкіметінің жаңа қағидалары қазақ қоғамына қайшылықты келіп, жалпыұлттық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды күйретіп жібергені, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар халықтың жаппай аштыққа ұшыра­уына, ауа көшуіне әкеліп соққаны баяндалған бұл хат БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алады.
Геноцид
Социализмді құрудың доктринасының екінші буыны ұжымдастыру болды. Ол қазақ ауылдары мен қыстақтарды біріктіруге күрес түрінде күштеу жолымен дамыды.
1927 жылы желтоқсанда Комунисттік партия VX съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақ АКСР-де ұжымдастыру 1932 жылы аяқтау бекітілді.
1928 жылы Қазақстанда қазақтардың барлығынан 2% ұжымдастырылса, 1931 жылы қазанда 65%-ға жетті. Күштеу шаралары заңсыз тұтқындауға ұласты, сайлау құқығынан айырды, көбісі ату жазасына кесілді. Тек 1931 жылдың өзінде Қазақстанның ОГПУ органдарымен 21 мыңнан аса адам тұтқындалды, 657 ірі байлар елден шығарылды, 1067 бай шаруашылығы жер аударылды, 145 мың мал басы тәркіленді. Мал шаруашылығының көшпелілерін күштеп көшіру болды.
Ауыл шаруашылығында шаруаларды жерден айырғаннан кейін егін түсімі күрт төмендеді. Ұжымдастыру алдында Қазақстанда мал басының саны 40,5 млн болса, 1931 жылғы 1 қаңтар қарсаңында тек 4,5 млн бас қалды.
1931-1933 жылдар аралығындағы аштық кезеңінде 2 млн қазақ қырылды.
Ұжымдастыру
Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет