Репресиия құрбандары Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
Көшудің басты бағыттары. Кеңес үкіметі қателіктерінің, Голощёкин геноциді салдарларының бірі — қазақтардың республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болуы. Бұл қоныс аудару, негізінен, үш бағыт бойынша жүрді. Біріншісі — Ресейге, екіншісі — Қытайға, Үшіншісі — Орталық Азия елдеріне. Жаппай аштық жылдары бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін өз еліне көшіп келді.
Сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар
Алаш құрбандары «Әдебиетті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады, ұлтының қажетін өтейді сөйтіп…»
Ахмет Байтұрсынов
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден»
Алихан Бокейханов
Ұжымдастыру. Аштық П. 4: Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары-1с. Қазақ ауылын кеңестендіру–дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты-ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары.