1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


-1930 жж. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстарға салыстырмалы талдау жасаңыз



бет31/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

33. 1920-1930 жж. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстарға салыстырмалы талдау жасаңыз. 1925 жылы желтоқсанда БК (б) XIV сьезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті,олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік экономикалық,мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп,асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады,ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.Баяу болса да,республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттары,жеңіл өнеркәсіптің тері илеу,жүн жуу,т.б кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты.Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды.Мұндай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды.Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді. Транспортқа ерекше көңіл бөлінді,себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай,жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін қала мен ауыл,өнеркәсіп орындары ен ауыл шаруашылық арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді.Республиканың негізгі теміржол арқауы Орынбор Ташкент күре жолына көп мөлшерде проволдар мен вагондар,отын көмір,ТЖХК салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп,кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары,көлік тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды.Сөйтіп Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды.Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспортты мемлекеттік сектор едәуір нығайтып,дами бастады.Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлестері дами бастады. Қазақстанның индустриялық дамуындағы қиындықтардың шиеленісуіне тағы бір себеп болған жағдай – жаңа өнеркісіптік және транспорттық құрылыс көп жағдайларда тиісті техникалық құжатнамасыз басталды,жаңа құрылыстарды құрылыс материалдарымен,ақшалай қаржымен,техникалық механизмдермен,көлікпен,жұмыс күшімен,ал құрылысшыларды тұрғын үймен, азық түлікпен ауыз сумен,санитарлық емдеу қызметтерімен т.с.с қамтамасыз ету мүмкіндіктері жете қарастырылмады. Қазақстанда индустрияландырудың сонымен қатар бірге өзіндік ерекшеліктері болды,олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен,сондай ақ табиғи,еңбек және экномикалық техникалық қорлар деңгейімен де ссипатталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті. Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды, «Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі жэәне т.б. ашылды.


34.Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің тарихи құндылығы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық және елімізде Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойының атап өтілуінің барысы мен маңызы.
Алаш қозғалысының тарихы. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту.Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
2017 жылы – Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл – ұлттық-демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, Азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне атсалысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда олар қанын да, жанын да аяған жоқ.
Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел. Алаш қайраткерлерінің тәжірибесі Елбасы айқындап берген «Мәңгілік Ел» патриоттық актысымен үндесіп жатыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінің «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында «ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп көрсеткен болатын. 
100 жыл бұрын, яғни 1917 жылдың 21-26 шілдесі аралығында Орынбор қаласында Жалпықазақ съезі шақырылып, сол кезең үшін ең өзекті деген мәселелер съезд делегаттарының талқысына ұсынылды. Төрағасы – Халел Досмұхамедов, төраға серіктері – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлмұхамед Көтібаров, хатшылары – Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітов болған бұл съезде «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының іргесі қаланып, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын ең өзекті мәселелер сөз болды. Артынша «Алаш» партиясының бағдарламасы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Онда Ресей құрамындағы Қазақ автономиясын құру жайлы айтылған еді.
Өкінішке қарай, Алаш арыстарының арман-мұраттары сол кезеңдегі тарихи жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалды. Дегенмен сол уақытта көтерілген ұлт-азаттық қозғалысы туралы идеялар қазақ халқының жүрегінде маздап, тек ХХ ғасырдың соңында, яғни 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Біз «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі», «Төрткүл дүниемен тереземіз тең» десек, осы қастерлі ұғымдар Алаш идеяларынан нәр алған сол боздақтардың арманының орындалуы іспетті. Алаш зиялылары халықтың көкірегіне ғасырлар бойы шер болып қатқан азаттық туралы аңсарды, ел болу жайлы ұлы мәселені күн тәртібіне қойды. Сұлтанмахмұтша айтсақ, олар «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» көзсіз батырлар, заманынан озып туған биік өре иелері еді.
«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі Әлихан Бөкейханов және замандастары бөлінуге, жікшілдікке барынша қарсы болып, бәрін де ұлттық жаңару жолына үгіттеумен болды. Олар өтпелі кезең жағдайында болатын дәстүршілдік пен жаңашылдық таласында жаңаруды жақтады. Тірліктің өз билігіңді өз қолыңда бекем ұстай алғанда ғана өнетінін терең сезінген олар: «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» деп мәлімдеді.
«Алаш» партиясын құрған бабаларымыз Тәуелсіздікке жетудің стратегиясы мен тактикасын жасауға ұйытқы болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «XVІІІ-XІX ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әр түрлі жолдарын қарастырды. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастады. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады», – деп өзінің тарихи бағасын берген еді.
Халықты өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін қастерлеуге, Отанды сүюге, қорғауға және қамқор болуға насихаттаған ата-бабаларымыздың арман-мұраты бүгінгі «Мәңгілік Ел» идеясымен үндесіп жатса, олардың есімдерін ұлықтау – «Рухани жаңғырудың» жарқын көрінісі. Халқымыздың аса көрнекті тұлғаларын, ерен еңбектерін жан-жақты терең зерттеп, жас ұрпақтың рухани қазынасына айналдыру – баршамыздың азаматтық парызымыз. Биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінде Алаш зиялыларының есімдерін ұлықтауға, еңбектерін ел жадында жаңғыртуға байланысты көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Бүгін осы игі дәстүр Алматыда жалғасын тауып отыр. Қазан айында «Алаш Орда» үкіметінің 100 жылдығына орай Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Ел-шежіре» қоғамдық қоры «Айбыным – Алаш!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырса, Ғылым Ордасында «Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алматы қаласының ең негізгі көшелері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов сынды Алаш арыстарының есімдерімен аталады.
«Алаштың» көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының келешегі турасында: «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық. Басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік», – депті ұлы бабамыз осыдан бір ғасыр бұрын.
Қорыта айтқанда, Алаш қайраткерлерінің кейінгіге, бүгінгі бізге қалдырған тарихи сабақтарын былайша жүйелеуге болар еді.
Біріншіден, сол кезеңде екі ғасырдан аса уақыт бұратана халық саналып, бөгде елдің боданы болып келген Қазақ даласында тұңғыш рет зайырлы түрде саяси теңдік жайлы айтылып, ел азаттығы туралы мәселе күн тәртібіне қойылды. Ұлттық мемлекет құрудың сол кезеңге лайықталған концепциясы жасалды. Әлемнің озық елдерінен үлгі алып, сол жетістіктерді ұлт мұратына жұмсаудың тиімді жолдары зерделенді.
Екіншіден, Алаш көсемдері дамудың бірден-бір кепілі – оқу-білімде екенін айқын сезініп, сол бағытта талмай еңбектенді. Әрқайсысы түрлі салалар бойынша қазақша оқулықтар жазып, сол кітаптар күні бүгінге дейін ұлтқа қызмет етіп келеді. Осылайша олар оқу-ағарту мәселесін ұлттық ерекшеліктермен ұштастыра отырып, уақыт үдесінен шығуға үндеді.
Үшіншіден, ең бастысы, Алаш қайраткерлері келешек ұрпаққа ел үшін жан алысып, жан берісер жанкешті күрескерліктің үлгісін көрсетті, осы жолдан таймай ұлт үшін мерт болды.
35. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қайраткерлері еңбектерінің тарихи құндылығы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н. Бөкейхановтың 150 жылдық және елімізде Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу мерейтойының атап өтілуінің барысы мен маңызы. - 2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік - Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 - 27.09.1937) - соңғы хан-сұлтандардың бірі - Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Сонау Омбыда оқыған 1886-1890 жылдары-ақ Әлихан Бөкейханов Ресей империясының отарлық езгісінде отырған алты алашының тарихын, мәдениетін, көшпелі шаруашылығы мен кәсібін зерттей келе, отаршыл империяның жүргізіп отырған жыртқыштық, озбырлық саясатына қоса туған халқының тұрмыс-тіршілігіне деген сыни көзқарасын білдіре бастайды. «Қыр халқы, - деп жазады Қыр ұғлы (алғашқы лақап аты - С.А.) - Әлихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген бір мақаласында, - бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін (өле өлгенше.С.А.) бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады». «Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті. «Алаш» қозғалысының басы-қасын­да жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады. Ол, сондай-ақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының отарлау саясатына ең ауқымды қарулы қарсылық көрсеткен Кенесары хан көтерілісінің өз мақсатына жете алмауының тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте Әлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады. Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір және Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді. 1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихи-анықтамалық очеркін жариялады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Қазақстанның бірқатар тарихшылары съезде қабылданған құжаттарға сүйеніп, 1917 жылдың 13 желтоқсанын "Алашорда үкіметінің құрылған күні" деп есептейді. "Алашордашылардың" жетекшілері көбіне патшалық Ресейдің либералдық бағыт ұстанған Конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер – ред) мүшелері, я ниеттестері еді. Биыл 100 жыл толған осы датаға байланысты қандай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар жасалды? 2017 жылдың басында Қазақстан үкіметінде "Алашорда" үкіметінің 100 жылдығына арнап түрлі іс-шаралар өткізу жөнінде арнайы жиын өткен еді. Сол кезде "Алашорданың" 100 жылдығына арнап кинолар түсіріп, кітаптар шығару, Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйін мемлекет меншігіне алып, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіп, ғылыми орталық ретінде қайта құру жұмыстары жасалған..
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады. Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар жөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет