1 билет Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


-билет Қазақстанның орманды аймақтарының өсімдік ресурстарына түсінік беріңіз



бет14/82
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#126748
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама-emirsaba.org

9-билет


  1. Қазақстанның орманды аймақтарының өсімдік ресурстарына түсінік беріңіз


  2. Демографиялық мәселелерге сипаттама беріңіз


  3. Берілген қоректік тізбектерде қанша трофикалық деңгей бар екенін анықтаңыз:

А. Қызғылт бұта шырыны – өсімдік биті – өрмекші – бунақденеқоректі құс - жыртқыш құс


B. Қарағай қылқандары - қарағай жібек құрты - сарышымшық – қырғи - мамықжегі
Б. жапырақ түскен жабыны – жауын құрт – жертесер - ақкіс
Өндірушілерді, тұтынушыларды, редуценттерді көрсетіңіз. Әр трофикалық деңгейде қандай организмдер орналасқанын анықтаңыз. Табиғаттағы қоректік тізбектерінің саны неге шектеулі екенін түсіндіріңіз. Осы қоректік тізбектерді салыстырыңыз, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтаңыз.
1.Қазақстанның орманды аймақтарының өсімдік ресурстарына түсінік беріңіз
Ормандар массиві, негізінен, Алтай Тянь-Шань тауларында жэне кейбір жеке массивтер Солтүстік Қазақстандағы жазықтықта жэне ұсақ шоқыларда таралған.Қазақстандағы ормандардың жалпы ауданы - 24568,2 мың гектар. Орманмен толық жабылган территория - 10503,6 мың гектар. Орманмен нақты жабылған жерлер құрамында: сексеуіл (Наіохуіоп-саксауп) - 5 млн гектар, қарағай (Ріпш-сосна) - 963 мың гектар, қайың {Betula-береза) - 900 мың гектар, самырсын (Abies-пихта) - 384 мың гектар, көктерек (.Populus tremula-осина) - 296,8 мың гектар, балқарағай (Zflra-лиственница) - 175 мың гектар, шыршалар (Рісеа-ель) - 168,2 мың гектар, Сібір қарагайы (Рісеа sibirica - Сосна-кедровая) - 43,3 мың гектар. Ормандардың 13337,4 мың гектары үзақ уақыт пайдалануға берілген.
Орманды дала аймағының ормандарын түзушілер, негізінен, қотыр қайың (Betula pendula Roth. - береза бородавчатая), үлкен қайың (.Betula pubescens Ehrh. - береза пушистая),' көкперск {Populus tremula L. - осина)* тал {Salix - ива) аралас.


  1. Демографиялық мәселелерге сипаттама беріңіз


Демография (грек. δῆμος — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтыңсанын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтыңұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет