Балалар әдебиетінің кезеңдері
Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін 19ғ да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер білімге тәрбиелейтін,
еңбекке баулитын, этикалық эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай – ақ қазақ фальклорынан балалардың тіліне түсінікті жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да
қызықты әңгімелерді аударып, құрастырып ана тілінде алғашқы оқулық бастырып шықты. Сөйтіп бала тіліне лайықты ойына қонымды өлеңдер мен қызықты әңгімелер арқылы педагог жазушы балалар әдебиеті негізін қалады. Қазақ балалар әдебиетінің ең лаулап дамыған кезі 1970-1980 ж.
Бесік жыры мен тұсау кесу жыры балалар әдебиетінің бастамасы.
Балалар жырының бастауы – бесік жыры мен тұсау кесер жыры. Адамзат баласының өз ұрпағынан жақын, баласынан артық ешнәрсе болмаған. Халық ешнәрсені өзінің баласынан артық бағаламаған емес. Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған өлең жыр әңгімелер барлығы да балаларға арналған. Дүниеге
келген балаланы ойнату, жұбату, еркелету және осы бір әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылатын тәрбие барлығы-барлығы жырмен, өлеңмен, образды сөздермен берілген. Қазақ балалар фольклорындағы ең бірінші есімізге түсетіні –бесік жыры. Бесік жыры – бала әйел құрсағына біткен күннен бастап, ананың балаға
деген мейірімі мен махаббатын, одан ертеңгі күтер үміті мен арманына бойына сіңдірген асыл қазына. Бесік жырының әр сөзі мен әуенінде сол ұлттың өмір бойы жинаған мұрасы мен арман-тілегі жатады.