Жас ұрпақты тәрбиелеуде ауыз әдебиетіндегі өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер, тиым сөздер, санамақтар әр тәрбиешінің жұмысында негізгі орын алуы тиіс. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлылығына, сана – сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді. Мысалы қарапайым мысал алсақ ертегіні тыңдай отырып бала ондағы кейіпкерлердің жағымды я жағымсыз әрекеттерін ажырата алады, жағымды кейіпкерлер іс әрекеттерін бойларына сіңіріп, зұлым кейіпкер әрекетінен аулақ болуды үйренеді.
Тұсау кесу жырының тәрбиелік мәні
Тұсау кесеу жырына келетін болсақ, бұл жыр атауы осы ырымға байланысты қойылған. Бұл ырым, баланың аяғына тұрып,жүре бастаған кезінде баланың аяғын байлап тұрған тылсым күш бар, соны қиып тастаса, бала тез жүріп кетеді деген халықтың наным-сенімінен туған.
Баланың тұсауын кесу үшін, оның аяғын ала жіппен майлы тоқ ішекті не шөпті араластырып байлап, тұсауды аяғы жеңіл, танымал адамдарға кестіреді.Содан кейін жиналған қауым тұсау кесу жырын айтады.
Тұсау кесу жырының негізгі мазмұны-баланы жүруге, аяқ басуға жігерлендіру болып табылады. Мысалы:
Тәй, тәй, балам,тәй балам,
Қарыс, сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым
Жаңылтпаш пен жұмбақтың басқа жанрлармен байланысы
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу ғылыми еңбектер жазу ғылымына қосылған нәтижелі ір- әрекет деп білеміз. Жаңылтпаш фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен тығыз байланысты. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбінесе осы жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Жаңылтпаш – балалар тілін жаттықтыру мақсатындағы жанр.
Жұмбақтардыңбасқа жанрлармен байланысын зерттеу үшін оның басқа жанрлармен қарым қатынасын ажыратып алған жөн. Жұмбақ кейде қарапайым сұраулы сөйлемге де ұқсас болады. Сұрауда белгілі бір жауап беруін тілейді М/ы: Мәшһүр Ж Үш арсыз, үш даусыз, үш қадірсіз бар, бұл не? Жұмбақтың өзіндегі ақындық, көбінесе едәуір күшті ақындық болады. Сондықтан ақындар жұмбақ үлгісімен жыр айтуды таңдамалы есебінде қолданады. Қазақ ақындарының жұмбақты жақсы бағалауы арқасында біздің көп жұмбақтарымыз өлең болып айтылуда. Жұмбақтың көп қолданылатын орны айтыс өнерінде. Жұмбақпен басталған айтыс жұмбақпен аяқталады. М/Ы: жұмбақ айтысына Нұржан мен Нұрғали Тұрмағанбет пен Шәді айтыстары.
№ 5 билет