1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Сәбилер тобына қуырмашты айтқызу әдістемесі



бет3/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Сәбилер тобына қуырмашты айтқызу әдістемесі
Баланың саусақтары емін-еркін қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып бірнеше ойын ойнату тиімді. Бұл ойындарды алдын-ала
бөлінген тәртіппен жүргізіп отырады. Балаларды жіті қимылдату
мақсатымен халық ойыны «Қуыр-қуыр қуырмашты» ойнату пайдалы.
Ойынды не үшін жүргізгелі тұрғаны мұғалім үшін белгілі.
Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін балаларға түсіндірді де, ойынды өзі бастап, ойнау тәртібін көрсетеді. Ойынға екі
оқушыдан кезектесіп қатынасады. Бір оқушы қолының бес саусағын
бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүркемелеп, қапсыра
ұстайды. Одан кейін жанында тұрған екінші оқушыға ортаңғы саусағымды тапшы дейді. Егер ол саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші оқушы, таба алмаса — өзі алады. Бірақ, ұтқан ойнаушы ұпай алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт:
— бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді;
— бұдан кейін — бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек, — деп саусақтарға түгелдей ат қойып шығады. сөйтіп, бес саусақты түгел жұмады. тағы да бас бармақтан бастап, былай деп, бес саусақты түгел ашып, санап шығады.
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр, сиырыңа бар.
Сен тұр, түйеңе бар,
Сен тұр, жылқыңа бар.
Енді шынашақты алақанның шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр қуырмаш,-
Балапанға бидай шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Ұры, бөрі сұғанақ,
Мұның бәрі малға қас, — деп ұпай тартушының алақанын қытықтайды. Ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. Ойын балаларға өте ұнайды. Сондықтан ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. Бұл әдіс жазу құралдарын меңгере алмаған не оны меңгеру қиынға соғатын, ұяң, баяу қимылды балалардың санына қарай қолданылады. Бұл ойын алдымен шабан қимылдайтын балалардың қимылын тездетуге септігін тигізеді; екіншіден, тілін жаттықтырады; үшіншіден, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі; төртіншіден, ұяң, тез үйірлесуге шорқақ, жасқаншақ балалар ойын үстінде мұндай әдеттерін ұмытып кетеді; бесіншіден, оларды топтасып /ұжым болып/ жұмыс істеуге дағдыландырады; алтыншыдан, балалардың нерв жүйелерін шыңдап, мінез-құлқын қалыптастырады. 
3 билет



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет