3. «Бозторғай» мысалының идеясы. Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан, Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан. Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ, Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан. «Бoзторғай» - өткен ғасырдағы таптық көзқарасты бейнелейтін өлең. Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілерінің кейпін көрсеткен. Бозторғай қанша шырылдап мұңын айтып әлді құстарға жүгінсе де, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, зәбір көрсетеді. Сөйтіп «Бозторғай « заман байқағанға күштінікі» екенін мойындайды. Бұл өлең патша үкіметінің кезіндегі ел билеушілерін сынаған өлең болды.
19-билет 1. Бейімбет Майлинннің өмірі. Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15 қараша 1894, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы - 10 қараша 1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.[1] Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
2. Балаларға арналған саяси және сатиралық негіздегі шығармашылығы 3. «Байшұбар», шығармасын мәнерлеп айту, талдау "Байшұбар" Жоспар Оқиғаның басталуы "Байшұбар" өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал - айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп - оңай құтылып кетеді. Оқиғаның дамуы Екі қарақшы бірінен - бірі шошынады. Құдай - ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қыла жолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз - кем тілек етсем дағы, - деп зар илейді ұры. Оқиғаның шарықтау шегі Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім, Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жан ұшырады. Оқиғаның шешімі Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады.