3. Табиғат лирикасы арналған өлеңін мәнерлеп оқу,талдау Жер таппан жерге жетер Жетісуым: Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым, – деп Ілияс ә дегеннен топонимдік атауларды бауырына басып, меншіктеп жырға қосты. Жаратылыстың тіл жетпес сұлулығына жаны елжірей елтіген ақын со қалпынан, бауырына басып менікі деуден танбайды. «Ағынды менің Ақсуым». Расында, Жетісуды жырлаған ақындар қазақта аз емес, бірақ Ілияс Жансүгіровтың буырқанған жырлары көне Гомерден басталған ағыл-тегіл эпикалық сарынға бірден ұйытып әкетеді. Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз, Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым. «Бөлену» – қазақ ұғымында баланың бесікке бөленуі. Басын бұлт шалған құз-жартас көзге елестейді. Өлеңнің басында гидронимдер шеруі лықсиды. «Топонимикада гидронимдер ең көне атаулар болып есептеледі, сондықтан кумулятивтік қоры, аша білген кісіге, мол ақпарат беруі мүмкін» деп «Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері» атты кітабында (70 бет) филолог ғалым Бердібек Бияров жазады. Жетісу, кеудең асқар, аяғың көл, Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл.
21-билет 1. С.Сейфуллиннің өмірі мен жазушылық қызметі Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 25 ақпан [1] 1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды. 1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған. «Айқап» журналында қарашадағы санында (№ 21) Сәкен Сейфуллин өзінің алғашқы мақаласын жариялады. Сол уақыттан бастап, ол Омбы қаласының охранкасының назарына ілігеді.
2. С.Сейфуллиннің балаларға арналған шығармаларының идеясы. С.Сейфуллин шығармаларында балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу жайында айтылған. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысқан. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.