3. Бір шығармасын мәнерлеп айту Ананың хаты Байғұс ана хат жазыпты,
Депті «балам сағындым»,
Ұмыттың ғой бізді тіпті,
Бір келмедің неғылдым?
Оқу іздеп кеткеніңнен,
Ауылға бір қайтпадың.
Біз не көрдік жеткеніңнен,
Елге кеп уәз айтпдың.
Балам едің емшек берген,
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Анаң едім жапа көрген,
Сені өсіру дерт болып.
Жас күніңде көп ойлаушы ем,
Сені әлдилеп тербетіп.
«Арманым жоқ» деп ойлаушы ем,
Қалқам өсер ер жетіп.
Болмай шықты ойлағаным,
Сен жігіт боп жеткен соң,
Қалжырадым, ойла жаным,
Сен алысқа кеткен соң.
22-билет 1. М.Әуезов өміржолы. Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
2. М.Әуезовтің балаларға арналған әңгімелерінің ерекшелігі Мұқаңды қазақ балалар әдебиетінің бірінші зертеушісі деуімізге болады.Ол балалар әдебиетінің мұрасына қандай шығармалар енетінін айқындап айтып берумен қатар, «Әр жылдар ойлары» деген ғылыми еңбегінде жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларды да атап көрсеткен: «Абайдың жас буынға арнап айтқан көптен – көп өлеңдерінің бәрі де жоғарыда біз айтқан бір жайға үлкен дәлелді бір куәлік береді.» Қазақ балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне зор көңіл бөлген М.Әуезов балаларға деп повесттер мен әңгімелер жазды.1926 жылы М.Әуезрв жазған «Сұр» деген повесть қазақ балларының аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды.М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған «Көксерек» атты әңгімесін жазып ұсынды