1-билет Доктрина



бет2/22
Дата12.03.2023
өлшемі69,09 Kb.
#73549
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
тарих билет

2-билет

  1. Ирредента- өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына 
    еніп, сонда қалып қойған этникалық топ. Мысалы ирредентке Қазақстанмен шекаралар Ресей 
    аудандарында, Баян-Өлгей аймағында және Моңғолиядағы Қытайдың Қазақ автономиялық 
    уездерінде, Өзбекстандағы тұратын қазақтар жатады. 
     Диаспора- халықтың өзінің тарихи отанынан тыс жерде өмір сүретін бір бөлігі. Қазақстан аумағына 
    тыс 5 млн астам қазақтар бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде тұрады. 
    Олардың 700 мыңнан астамы типтік диаспораны білдіреді. 
    2. Қазақ қоғамының ру- тайпалық құрылымы- Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи- 
    географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық 
    шаруашылық топқа бөлінеді. Олар:Ұлы, Орта және Кіші жүз. Әрбір жүздің тайпалары жалпы 
    шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. 
    Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларының ешбір 
    айырмашылығы болған жоқ. 15 ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты 
    да, кейінірек қазақ деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. 14-15 ғасырларда көптеген жұрттың көшіп қонып, сапырылысуы орын алды. 15 ғасырдың 2 ші жартысы мен 16 ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. Жүздердің өзі бірнеше рудан тұрған. Жақын рулар, туыстар қыз алыспады. Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Қазақ ру 
    тайпалары өзара жақсы араласқан. Әрбір адам өз руын, шежіресін білуге міндетті болған. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет