1-билет Доктрина


)Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне



бет4/22
Дата12.03.2023
өлшемі69,09 Kb.
#73549
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
тарих билет

3)Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне 
жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. 
Мен бұл пікірмен келісемін. 
Себебі сақтар заманында, белгілі бір мемлекеттіліктің жоқтығына қарамастан, әскери демократия 
саясаты болған. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. 
Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер 
халық жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси 
үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады.Патшалар жауынгелер тобынан шықты.Сақтар 
б.з.б. 519_518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы 
патшасы Кирдің әскерін женген.
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат 
әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп 
табылуы дәлел болады.Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әcкери демократия кезінде қауымның мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен 
санаспаған. 

4-билет
1.Автохтонды халық - белгілі бір аймақтың ең ежелгі халық тұрғындары, алғашқы пайда болған 
жерінен қоныс аудармай, мәдени біртектілікті сақтай алған этномәдениет. 
Этнос-бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет