Қажым Жұмалиевтің қазақ әдебиеті теориясына қосқан үлесі.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Миржан Сатқановтың құттықтау сөзімен ашылған конференцияда академик Қажым Жұмалиевтің қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы саласындағы зерттеулері және оның бүгінгі күнмен сабақтастығы, жалпы еліміздегі филологиялық білім беру: қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиеті мәселелері, бастауышта және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудегі жас ерекшелік мәселелері секілді көптеген маңызды тақырыптар кеңінен сөз болды.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде.
А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылықтары мектеп бағдарламасына енгізілді. Еңбектері кітап боп шықты. Әдебиет пәнінде соларды толық қамтыған жаңа оқулықтар пайда болды. Бұрынырақта үш арыс - үш бәйтерегіміз деп Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндерді атап, мақтаныш еткен қазақ қауымы енді оларға қоса бес адамның есімін ауыздан тастамайтын болды. Иә, әдебиетсүйер оқырман ғана емес, бүкіл қазақтың ой-санасына енді "Бес арыс" деген атаулы ұғым дендеп еніп еді: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев. Саясаттың сайқал жүйесінен сансыз теперіш көріп, тағдырлары аянышты аяқталған ұлтымыздың бұл перзенттерінің артында қалған өлмес мұраларын мектеп оқушылары да қызыға, құныға меңгерді. Ұлы тұлғаларымыздың ғажайып ғұмырбаяндары мен тамаша туындылары қазақ тілі мен әдебиетінен алынатын жазба жұмыстарының, емтихандардың өзекті тақырыбына айналды.
№ 22 емтихан билеті
Достарыңызбен бөлісу: |