1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Көркем шығарма және оның құрылысы. Сюжет пен композиция. Композициялық бүтіндік. Сюжет және оқиға бүтіндігі



бет8/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Көркем шығарма және оның құрылысы. Сюжет пен композиция. Композициялық бүтіндік. Сюжет және оқиға бүтіндігі.

Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол – эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді.
«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та, фабула – сол мақсатқа жетудің құралы. Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық бітімін, характерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады.

        1. Фабула. Сюжет түрлері. Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері. Сюжеттік элементтер немесе сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері. Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Фабула және лейтмотив.

Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады.
Фабула (лат. Fabula – аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) – көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді: оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру (Ш.Айтматов «Боранды бекет»); болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов «Қилы заман»), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты»); шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік (Ғ.Мұстафин «Көз көрген»), күнделік (Ә.Сәрсенбаев «Офицер күнделігі»), Ф.М.Достоевский, «Бейшара жандар»), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.
Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол – эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді.
«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та, фабула – сол мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады. Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдік өңдеуге ұшырайды. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір жазушының жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңасападағы сюжетке ұласып жатуы да ықтимал.
7 емтихан билеті





          1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет