1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Өлең құрылымы мен өлшемдері. Өлең жүйесі мен ұйқас түрлері. Ырғақтың өлең жүйесіндегі атқарар қызметі



бет10/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе-2

Өлең құрылымы мен өлшемдері. Өлең жүйесі мен ұйқас түрлері. Ырғақтың өлең жүйесіндегі атқарар қызметі.

Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды.
4)Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. 
Ұйқас, рифма (грекше өлшемдес, мөлшерлес) – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі өзара ұқсас дыбыстас естілуі.
Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі өте көп, бірақ ең негізгі және көп қолданылатыны мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар.
Ырғақ (ритм, грекше rhytmos -өлшем, өлшемi сай келушiлiк), жалпы алғанда, белгiлi бiр мезгiлде бiрдей қайталанатын қимыл. Өлең жолдарындағы белгiлi бiр бөлшектiң бiрыңғай дəлме-дəл қайталанушылығын өлеңнiң ырғағы дейдi.

          1. Өлең бунағы мен буын түрлері. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Қара және ақ өлеңнің ерекшеліктері. Ақын және өлең жазу стихиясы. Өлеңдегі шабыт мәселесі.

Қазақ өлеңдерінің құрылысы-қазақ әдебиеті категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары.
Қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қарап, негізінде 5 түрге бөлуге болады: 1. Он бір буынды өлең; 2. Сегіз буынды өлең; 3. Жеті буынды өлең; 4. Алты буынды өлең; 5. Аралас буынды өлең.
Өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынның арасы-бунақ. Бунақ ішінде-буын болады. Қазақ өлеңінің құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді. Қ.Жұмалиев қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қарап «Он бір буынды өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, алты буынды өлең, аралас буынды өлең» деп анықтаса, З.Қабдолов өлеңнің буын түрлерін: «Он бір буынды өлең, он буынды өлең, тоғыз буынды өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, алты буынды өлең, бес буынды өлең, аралас буынды өлең» деп бөледі.


8 емтихан билеті





            1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет