1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Шығарманың мотиві мен проблемасы. Әдеби шығарма біртұтас бірлік ретінде



бет7/30
Дата25.12.2022
өлшемі234 Kb.
#59474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Шығарманың мотиві мен проблемасы. Әдеби шығарма біртұтас бірлік ретінде.

  • Негізгі, жанама, объективті, авторлық идея. Мәңгілік тақырыптар мен идеялар. Мазмұнның тақырып пен идеяға, форманың образдар жүйесіне қатысы.

    Авторлық идея – суреткердің о астағы ой өзегі; объективті идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея кереқар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін.
    Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, ір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейді.
    Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік идеялар туралы ұғым туады.


    6 емтихан билеті



          1. Көркем шығарманың мазмұн мен форманың бірлігі. Мазмұн мен форма элементтері. Көркем шығарманы мазмұн мен формаға бөлу қатыстығы.

    Көптеген ғалымдар көркем шығарманың мазмұны мен формасын бір-бірінен бөлмей, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірімен-бірі тығыз байланысты, бір нәрсенің екі қасиеті деп біледі. Мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды айқындайды, яғни форма мазмұнды жарыққа шығарады, оны жұртшылыққа түсінікті айқын етіп жеткізеді. Сонымен әдеби шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеясының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Мазмұн әлеуметтік категорияға жататындықтан да, қоғам өзгеруіне орай ол да өзгеріп, жаңа сипат алып отырады. Жаңа мазмұн жаңа форманың тууын талап етеді. Бірақ жаңа форма бір дегеннен туа қалмайтындықтан да алғашқы кездерде жаңа мазмұнның өзі уақытша болса да ескі форма арқылы көрініп отырады. Осы кезде мазмұн мен форма арасында алшақтық тууы да мүмкін. Жаңа мазмұнды ескі форма айқын көрсете алмаса, оның маңызын жояды. Мұндай жағдайда жаңа мазмұнға жаңа форма керек. Жаңа мазмұн жаңа форманы туғызғанда бұрынғы бар ескі формалардың негізінде, өңделіп, жарық көріп отырады. Сонымен жаңа форма бұйрықпен немесе жеке адамдардың тілегі бойынша жасалынбайды. Ол қажеттіліктен, творчестволық іздену арқылы бірте-бірте жасалады.



          1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет