Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам¬дар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттілік¬терін таңдауға итермелейді. Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма¬ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым¬ша) тұтынуға жұмсайды. Кеңейтілген ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.2. Бөлу - әрбір адамныңөндірілген өнімділігі үлесін анықтау.3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Қысқамерзімдік кезеңдегі өндірістік шығындар.
Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С – шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы – өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, өзгеріссіз қалады, демек, шығындарды тұрақты және ауыспалыға бөлуге болады.
Тұрақты шығындар графигі түзу түрінде көрсетіледі, өйткені олардың шамасы өзгермейді, ауыспалы шығындар графигі – ұлғаймалы қисық сызық (олар өндіріс көлемінен тура тәуелділікте болады), валдық (жалпы) шығындар графигі – ол тұрақты шығындардың шамасына өскен (көбейген) ауыспалы шығындардың қисық сызығы.
Фирма қысқа толқынды пештерді шығаруға 500 мың.теңге салуға шешім қабылдады.Өндірістің өзі жылына 200 мың.теңге екен. Нарықтағы сараптама көрсетті, фирма айына қысқа толқынды пештерді 225 мың.теңгеге сата алатынын. Бұл өндіріс фирмаға пайдалы ма?
Жалпы пешті салуғу кеткен шығындар 500мың.теңге, жылына 200мың.теңге. Өндірістен жылына келетін пайда 225мың.теңге*12ай=2,700мың.теңге. Бұл өндіріс фирмаға пайдалы.