1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет24/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

Индустрияға дейінгі, ауыл шаруашылығы және ауыл халқы басым, шаруашылықтың дәстүрлі нысандары мен нарықтық еңбек басым болатын экономикалық жүйе.

  • Индустриалдық, дамыған тауар-ақша қатынастары бар, ірі машиналық өндіріске негізделген жүйе.

  • Постиндустриалдық, ақпарат бас ресурс болып табылатын экономикалық жүйе, экономиканық жетекші аумағы - өндірістік емес экономика, экономикалық даму мақсаты адамның өзін-өзі іске асыру үшін шарттар құру болып табылады.

    Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелген. Ресурстар шекті болғандықтан, қоғам таңдау жасауға тиіс. Кез-келген қабылданған шешім таңдаудың баламалылығымен байланысты. Баламалы таңдау – белгілі бір критерийлер бойынша мысалы, баламалы құн, яғни, тауарды немесе қызметті таңдау бойынша әрекет аталған тауар немесе қызметті алу үшін кетіретін басқа тауар немесе қызметтің санымен анықталады.
    Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Кез-келген экономикалық жүйе экономиканың үш негізгі мәселесін қарастырады: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек?
    Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.
    Әр экономикалық жүйеде экономиканың үш негізгі мәселесі (не? қалай? кім үшін өндіру керек?) шаруашылық барысында әр түрлі шешіледі. Шаруашылық шығындар мен нәтижелердің тұрақты қатынасын анықтайды.
    Нәтижелер мен шығындар экономикада әр түрлі. а) ресурсты (факторлық) тиімділік- нәтиженің өндіріс факторларының бірімен-капиталмен, материалдармен, (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы) қатынасы; б) жалпы тиімділік - нәтиженің жалпы ағымдағы шығындармен қатынасы (рентабельділік).
    Сонымен қатар экономикалық жүйенің эксплуатациялық шығындарын ажыратады. Кез-келген экономикалық үрдіс – жүзеге асуы трансакциялық шығындармен тығыз байланысқан келісім-шарт сериялары ретінде көрініс табады. Трансакциялық шығындар – меншіктің ерекшелігі мен құқығын қорғауға байланысты, айырбас саласындағы шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдасқан болса, соғұрлым трансакциялық шығындар көлемі аз болады.

    1. Өндірістік шығындар ұғымдары және оның жіктемесі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет