2-жіктеу - Екінші жіктеу меншік және экономикалық байланыс қатынасы негізінде болады. Осы критерийлер негізінде 4 экономикалық жүйені белгілейді:
1. Дәстүрлі, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттар негізінде құрылған қатынастар жүйесі
2. Әкімшіл-әміршіл, мемлекеттік меншік, директивті баға құрылуына, орталықтан жоспарлауға негізделеді.
3. Нарықтық, өндіріс өнімдерінің еркін алмасуына жеке меншікке, еркін баға құрылуына, бәсекеге негізделеді.
4. Аралас, экономиканы реттеудің нарықтық механизмдерімен мемлекеттік реттеудің қосындысы орын алатын экономикалық жүйе
Аралас құрылымдардың модельдері:
а) Американдық модель кәсіпкерлік әрекетті бүкіләлемдік қолдауға, халықтың анағұрлым белсенді бөлігін байытуға құрылады. Аз қамтылған топтарға жеке төлемдер мен жәрдемақылар арқылы қалыпты өмір деңгейі қамтамасыз етіледі. Модель еңбек өнімділігінің жоғары деңгейіне, жеке табысқа жетуге жаппай бағытталуға негізделеді.
б) Жапондық модель осы елдің тарихи дәстүріне, ұлтттың мүддесін жекеден, жоғары еңбек тәртібінен, барлық жаңалықтарға басым қоюға негізделеді.
в) Германдық модельге тән: мемлекеттік меншіктің басымдығы, дамыған басқару құрылымдары. Жеке кәсіпкерлік пен нарықтық механизмдердің жағдайы күшті. Мемлекет келісшарттардың сақталуын, өнім сапасын, бәсеке, негізгі құралдар қорғанысын бақылауға алады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде ролі зор.
г) Аралас экономиканың шведтік моделі келесідей сипатталады:
д) Қытайлық модель – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
3-жіктеу - өндірістік революция және қазіргі ҒТР критерийлеріне негізделген. Осы жіктеу бойынша 3 экономикалық жүйелер белгіленеді: