1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


билет Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары



бет31/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

19 билет

  1. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары.

Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.
ҚР мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді.

  1. Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары

Жетілген бәсеке – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет