Тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;
Нарықтың мәні тұтынушыларға қажетті өнімді таңдауға, ал сатушыларға ең тартымды нарықтарды таңдауға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл өнімнің, капиталдың мемлекет ішінде және әртүрлі елдер арасында еркін қозғалуымен, сатушылардың нарықтық бағалар мен өзіндік құн арасындағы диапазонда өз тауарларына баға ұсыну мақсатында өндіріс шығындарының төмендеуін ынталандырумен байланысты.Нарықтың негізгі элементтері-сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекелестік, олардың өзара әрекеті нарықтық механизм деп аталады. Сұраныс пен ұсыныстың әсерінен еркін нарықта қалыптасатын нарықтық баға тауар өндірушіні қажетті тауар туралы хабардар етеді (егер тауар жеткіліксіз болса, онда тауардың бағасы жоғары болады).
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады:
1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері бойынша:
2) Географиялық орналасуы бойынша:
3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:
4) Салалар бойынша:
5) Сатылу сипаттамасы бойынша:
6) Заң нормаларына сәйкестігі бойынша:
Монополия. Монополияның түрлері. Монополиялық билік көрсеткіштері.
Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) — Бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
Салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді