18 билет Меншік формаларының түрлері, олардың сипаттамасы.
Меншік формасы - бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі. Меншік формаларының түрлері:
-Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
-Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;
-Аймақтық мемлекеттік-аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;
-Коммуналды, муниципалды-жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
-Ұжымдық — тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;Жалпы — алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық — үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.Индивидуалды — белгілі бір құқықтың нормаларға сәйкес жеке индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланатын мүлік, заттар, ақпарат, т.б.
Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.
Қазіргі кезде ТМД елдерінде мемлекеттік меншіктің монополизмі қопарылған, шаруашылық типтерінің орналасуы мен меншіктің көптеген формасына негізделген экономиканың қайта құрылу процесі басталды. ТМД – ның жекелеген елдерінде жекешелендіру әр түрлі масштабта және бірдей емес екпәнде жүргізіледі.
Нарықтық құрылымдар және олардың сипатты белгілері.
Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;
осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен
Егер жердің иесі жыл сайын 60 мың теңге жер рентасын алып отырса, ал банктер салушыларға 10% жылдық төлесе. Жер учаскесінің бағасы қандай болады?
Жердің бағасы = (рента/банк пайызы) *100%
Жер б. = 60000/10% * 100%= 600000