Дағдарыс. Бұл фазада экономикалық дамудың көрсеткіштері күрт нашарлайды: өндіріс көлемі қысқарады, табыстар төмендейді, жұмысбастылық қысқарады, инвестициялық белсенділік төмендейді, бағалар құлайды, өндіргіш күштер біртіндеп істен шыға бастайды, негізгі капитал құнсызданады, жұмыссыздық өседі, кәсіпорындар жаппай жабыла бастайды, өндірістік қуаттар төмендейді.
Тоқырау. Бұл фаза экономикалық дағдарыстың ең төменгі нүктесі болып табылады, яғни жаппай жұмыссыздық орын алады, жалақы мен пайыз мөлшерлемесі ең төменгі деңгейге жетеді, тауарлы-материалдық қорлар қысқарады, өндіріс тоқтайды, бағалардың төмендеуі де тоқтайды.
Жандану. Бұл фазада негізгі капитал жаппай жаңартылады, жұмыссыздық қысқарады, жалақы, пайыз мөлшерлемесі және бағалар өсе бастайды, инвестициялық белсенділікпен тұтыну заттарына деген сұраныс артады.
Өрлеу. Бұл фаза экономикалық дамудың шарықтау шегі болып табылады. Экономикалық өсу қарқыны жоғарылайды, өндіріс көлемі айтарлық-тай ұлғаяды, инвестициялар да артады, бағалы қағаздар бағамы өседі, пайда, жалақы, баға, пайыз сияқты көрсеткіштер ең жоғары деңгейге жетеді.
3.Жұмысбастылық пен жұмыс күші тұрғысынан алғанда төмендегі тұлғалардың статусын анықтаңдар, олар былай жіктелген:
жұмысбастылар (ЖБ)
жұмыссыздар (ЖС)
жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ)
а) Өзінің қалауымен жұмыстан босатылған жұмысшы
ә) Толық емес жұмыс күніне ауыстырылған жұмысшы
б) Өзінің денсаулығына байланысты жұмыс істеуге жарамайтын мұғалім
в) Ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, оны іздеуді қойған жұмыстан босатылған жұмысшы
г) Күндізгі оқуда оқитын студент
д) Кешкі мезгілде оқитын автокөлік жөндеушісі
е) Үй шаруасындағы адам
ж) Белгілі бір уақытын кітапханашы болып жүмыс істеумен өткізетін үй шаруасындағы адам
жұмысбастылар (ЖБ): ә, д , ж
жұмыссыздар (ЖС): а, в, е
жұмыс күшіне қосылмайтындар (ЖКҚ): б, г