Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бүл байланысты графикте үсыныс қисығы түрінде беруге болады. Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура. Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол факторлер: ресуртар бағасының өзгерісі; технология; салық және дотациялар; басқа тауарлардың бағасы.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- Салықтар мен дотациялар;
- Табиғи-климаттық жағдайлар;
- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- күтім;
- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.
Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.
Р
Жұмыссыздық: мәні, себептері, түрлері және салдары. А.Оукен заңының мәні. Филлипс қисығы.
Жұмыссыздық– елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.
Жұмыссыздықтың мынадай түрлері бар:
^ Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшалардың қолдануы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
^ Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеу мақсатында ауысуы. Сондай-ақ мұндай жұмыссыздық жас мамандардың оқу бітіргеннен кейін уақытша жұмыссыз қалғанда пайда болады.
^ Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы. Бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өндеу өнеркәсібінде т.б.
^ Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
^Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
^ Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономиканың циклдық дамуымен байланысты.