Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және организмді дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын дамытуды қалайды. Адамдардың қажеттіліктері алуан түрлі болып табылады. Американдық ғалым, әрі социолог Абрахам Маслоу өзінің «қажеттіліктер пирамидасы» үлгісінде қажеттіліктерді кеңінен зерттейді. Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіліктер төмендегідей орналасады:
Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, киім-кешек, баспана, ұрпақты өмірге әкелу, т.б.
Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: аурудан сақтану, дау- жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.
Әлеуметтік қажеттіліктер: сүйіспеншілік, махаббат, достық, кейбір топтардың мүшесі болу, өзара мүдделі адамдардың қарым- қатынасы, т.б.
Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: мақсатқа жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда өз орнын табу, т.б.
Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: өз қабілеттіліктерін іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды белсенді түрде қолдану, өзара түсіністік, т.б.
Бәсекелестік мәні, оның экономикалық рөлі. Жетілген және жетілмеген бәсеке.
Бәсекелестік - бұл капиталды салу жагдайындағы ең жоғары пайда үшін кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік. Бәсекелстік – экономиканың тиімді дамуымен жұмыс істеуінің басты тетігі.
Бәсеке (лат. concurrere) — бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
Жетілген бәсекедегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.Жетілмеген бәсекедегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.
Тұрғындар табысының артуынан смартфон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді?
Тұрғындар табысының артуынан смартфонның сұраныс қисығы артады, ал нанның сұраныс қисығы тұрақты өзгермейді