Бағасы: Qd=Qs Көлемі: 20-2*1 = 14+4*1
20-2p = 14+4p Qd=Qs=18
6P=6 P=1
6 билет
Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны мен рөлі. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы.
Қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру мәселесін шеше отырып, экономикалық теория экономикалық таңдау мәселесімен соқтығысады, яғни осы жерде экономикалық теория 2 аксиомаға сүйенеді:
АДАМДАРДЫҢ ШЕКСІЗ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ;
РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ.
Өндіріс адам өмірінің және қоғамның негізі болып табылады. Өндіріс адамның табиғатқа деген ықпал ету үдерісін білдіреді. Өндірістің түпкі нәтижесі болып табылатын қоғамдық өнім және оның қозғалысы негізгі 4 сатыдан өтеді:
өндіру – пайдалы өнімдерді, материалдық және рухани игіліктерді жасау үдерісі.
бөлу – өндірілген өнімде әрбір адамның үлесін анықтау.
айырбастау – бір өнімді басқа бір өнімге айырбастау үдерісі.
тұтыну – жасалған игілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдану.
Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:
Материалдық өндіріс, бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс, су шаруашылығы және басқалары жатады.
Материалдық емес өндіріс, бұған денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несие мекемелері, қоғамдық ұйымдар, басқару органдары және басқалары жатады.
Сонымен, өндіріс – бұл қоғамдық сипатқа ие бола отырып адамзат баласының өмір сүруі үшін қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үдерісі.
Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни олар:
Қажеттіліктер;
Достарыңызбен бөлісу: |