1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары


билет Сұраныс нарықтың ажырамас элементі ретінде. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар



бет55/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
Otvety OE

39 билет

  1. Сұраныс нарықтың ажырамас элементі ретінде. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар.

Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
С ұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
Сұранысқа әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
ә) бағалық емес факторлар.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Тұрғындардың ақшалай табыстары;
- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
- Тұтынушының талғамы мен талғауы;
- Жинақталған мүлік;
- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;
- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.

  1. Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі.

Жалпы ішкі өнім-ел территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш.
Атаулы ЖІӨ-өлшеу сәтіндегі ағымдағы бағамен есептелген ЖІӨ. Атаулы ЖІӨ шамасына келесідей екі көрсеткіш әсер етеді: нақты өндіріс көлемінің өзгерісі және баға деңгейінің өзгерісі.
Нақты ЖІӨ-салыстырмалы(өзгермейтін) бағамен, базистік жылғы бағамен өлшенген ЖІӨ.
Баға индексі - белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір аймақтағы тауарлардың немесе қызметтердің белгілі бір класы үшін баға коэффициенттерінің нормаланған орташа (әдетте орташа өлшенген) мәні. Бұл жалпы қабылданған баға туыстарының уақыт кезеңдері немесе географиялық орындар арасында қалай ерекшеленетінін салыстыруға көмектесетін статистика.
Баға индексінің келесі түрлері бар:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет