1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет19/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына. Негіз сөз бен өзге сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарының бірігуі не қосарлануы арқылы жасалатын мағына Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған.


2. СПАНДИЯР КӨБЕЙҰЛЫ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ. «ҚАЛЫҢ МАЛ» РОМАНЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ, КЕЙІПКЕРЛЕР ӘЛЕМІ.
Спандияр Көбейұлы 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты №3 ауылында дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағына көп көңіл бөлген. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қалыптасуына да әсер еткен. Болашақ педагог-жазушы өзінің өмірлік мұратын мұғалімдікпен ұштастырады. «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта-ниетімді біржолата баянды етіп бекітті», - дейді. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсы мұғалімдікке жол ашады. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік құқық алады. Жүрегі надандық торына шырмалған өз халқына деген сүйіспеншілік пен оған білім шырағын жағу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кішіқұм деген жерге оқытушы болып барады. Арнаулы салған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетпеуі, балаларын орысша оқытуға наразы ел ішіндегі надан көзқарас – бәрімен жас мұғалім жалғыз күреседі. Сөйте жүріп, балаларға арнап «Үлгілі тәржімә», «Үлгілі бала», «Орындалған арман» секілді асыл туындыларды дүниеге әкеледі. Осылардың ішіндегі 1951 жылы жарияланған «Орындалған арман» мемуарлық кітабының орны ерекше. Кітап өңделіп, 1954 жылы екінші рет басылды. «Орындалған арман» - педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайлы шығарма. Онда автор заман шындығын әр қилы оқиғалар мен адамдар тағдыры арқылы көрсетеді. Кітапты оқып отырып, ең алдымен, өз ғұмырын халқына арнаған, талай қилы кезеңдер, қалтарысы мол жылдардан өтіп, өз еңбегінің жемісіне ие болып, республиканың көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген қарт педагог-жазушының бейнесі көз алдыңнан өтеді. Кітапта сол адамның күрескерлікке толы ескі және жаңа өмірі нанымды суреттеледі. Айналасында болып жатқан өзгерістерге бақылаушы болып сырттан қарап тұрмай, біте араласып жүреді. Сондықтан оның қандай оқиғаға болмасын өз көзқарасы, өз қатынасы бар. Ескі қазақ ауылындағы тап тартысы, байлар мен кедейлер арасындағы кейін саяси бағыт алған стихикалық соқтығысулар, жер дауы, жесір дауы, 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының қазақтарға әсері, 1916 жылғы көтеріліс, орыс-қазақ достығының нығаюы жайын кейде кесек оқиғалар, кейде шағын эпизодтар арқылы айқын көрсетіп отырады. Шығарманың негізгі кейіпкері ел басындағы ауыртпашылықты бірге көтереді, қолынан келгенін халық мүддесі жолына жұмсайды. Қараңғылық пен надандықтан халқын құтқарып, ілімнің ұрығын себуге талаптанған ол бала оқытады, елді тәрбиелеуге көмектесерлік әдеби шығармалар жазады. Қазан революциясынан кейін ол халық арасында Кеңес өкіметінің мәнін, оның саясатын насихаттаушылардың алдыңғы қатарында жүреді. Кітапта Ыбырай Алтынсариннің халықтық қызметін көрсетуге бірсыпыра көңіл бөлінеді. Автор қазақ даласында алғаш мектептер ашқан, сол мектептердің біріне өзін оқуға орналастырған ағартушы-педагогтің образын жасайды, онымен кездесулерін әсерлі баяндайды. «Қара бақсының хикаясы», «Надандық құрбаны» атты тарауларында ескі ауылда етек жайып, оны рухани жүдеткен қараңғылық пен надандықты әшкерелейді. Ауылдағы тап тартысы, кедейлердің егіндік, шабындық жерлерін тартып алған байларға қарсы бой көтеруі, байлардың олардан «кек қайтару» озбырлығы – кітаптың бірқатар тарауларының («Зорлық», «Мұз үстіндегі айқас», т.б.) мазмұнын құрайды. XX ғасыр басындағы революциялық оқиғалардың қазақ ауылына әсері, орыс большевиктерінің ісі, прогресшіл мақсаттағы оқытушылардың қызметтері кітапта нанымды баяндалады. Осы оқиғаларға ере автор өзі де өсе түседі. Кітаптың соңғы бөлімін Спандияр өзінің Кеңес өкіметі жылдарындағы қызметіне арнаған.
С. Көбеевтің творчестволық мұрасында «Қалың мал» романы ерекше орын алады. Жазушының бұл шығармасындағы негізгі кейіпкері Ғайшаның тағдыры арқылы қазақ қызының сол бір бейуақыттағы аянышты өмірін, аңсаған арманы мен үмітін, сол жолдағы талабы мен күресін шынайы түрде жинақтап көрсеткен және әлеуметтік теңсіздік пен соған қарсылық тақырыбын да қамтыған. Бұл Көбеевтің творчествосындағы прогресшіл бағыт пен демократтық беталыстың айқын да, даусыз шындығы еді.
Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнелеумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарм
С.Көбеев революциядан бұрын жазылған романына 30-жылдары қайта оралғанда негізгі объектісіне жаңа көзқараспен келген. Сөйтіп, бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Контрасты стильде баяндалатын бұл қақтығыс 1913 жылғы “Қалың мал” романында өте солғын, онда бай-болыстармен, билердің момын елге істеп отырған қиянаттары ағартушылық-демократтық көзқараста ғана айтылады.
Тұрлығұлға Ғайша жайын айтып, Байғазы мен Құрымбайлар келетін уақиғаны еске түсірейік:
“Бұл келген, сол елдің: Байғазы, Құрымбай деген ақсақалдары еді, өздері және де бетіне жан келмейтін билер.
Елден шыққалы бір жетідей болып еді, ауылнай жағына барып келеміз. Сиязден, халық ішінде бір-біріне ауысқан-түйіскен бар, тоқты-тұрымдай жанжалдары бар сондайларды бітіріп, елде мұндай дау көп болар ма, халық бұзылып біткен ғой, Құрекеңнің пышағы май үстінде, қалтасы да толған шығар, деп Байғазы көзін қысып қалжыңдады. Құрымбай қасқырды қойға тимес деп ешкім айтпас деп қарқ-қарқ күлді”.
Олар осы келгенде Ғайшаның ғана емес, Есмұраттың келінінің деп тағдырын саудаға салып, Оны Жиенбайға ақшаға алып бермек болып уәделеседі.
Бұлардың осы қалжыңдары мен сөздеріне қарағанда айтқандары болмай қалмайтын тәрізді. Бірақ ел ішінде олардың жолсыздығына қарсылық көбейіп келеді. 1913 жылғы басылымда осы қарсылық көріністері өте әлсіз, солғын болса, кейінгі басылымда негізгі желіге айналған.
Тұрлығұлдың үйінен Ғайшаны алып қашқаннан кейін оның артынан қуып барған Әбіш пен Байғазы пара беріп, сол елдің болыс билерін көндіргендей болса да, олар “қалың қараның” қарсылығынан жақсанып, Ғайшаны қайтара алмайды.
“Бұл ыңғайды көргесін кіли қара халық Қожаш жағына шығып, Ғайшаны бермеуге айналды, - деп жазады С.Көбеев, - Біздің елдің де, пәленше түгеншелердің де жесірлері кеткен деп, бұл қалыппен бес-алты күн тартысып көріп, істің аяғы зорайып бара жатқансын, есек дәмелі болып жүрген би, болыстар ақылына түсіп оңашада мәслихат етістілер: қой, былтырғы астан жаңа бір аллалап есімізді жиып отырғанда, тағы да кісі өлімі болып, айдаладағы біреудің қатыны үшін он, бес сом аламыз деп басымыз кетер деп тоқтастылар”.
Үзіндіде би-болыстарға автордың көзқарасы айқын. Олардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады.
Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік жағдайдың да жемісі.
Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке алу керек. Романның, әсіресе, 1913 жылғы нұсқасында Тұрлығұл елге-зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар оның әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. “Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл (Ғайша. –З.Б.) елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау”.
“Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген ирониясы, юморы байқалады.
Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса олда жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана.
ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында.
“Қалың мал” романының қай басылымен алсақ та, Тұрлығұл жастарға қарсы тегеурінді қимыл көрсететін басты бейне емес. Кейінгі жөндеулерінде автор қосымша детальдар мен эпизодтар арқылы оны алдыңғы лекке шығармақ болса да, мақсатына жете алмаған.
Кейінгі басылымдарда Тұрлығұлға қосылған мінездемеге қараңыз: “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”.
Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге болады.
Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан бөлек әлем. Сондықтан да ондағы басты кейіпкерлердің кейбір әрекетін өзгерту, мысалы, күшейту арқылы оны жаңартуға болмайтыны белгілі. Ол үшін сол характер сомдалатын басқа да компонеттерге, әсіресе әлеуметтік мазмұнға қажетті түзеулер енгізу керек.
С.Көбеев әлгіндей жаңа мінездеме жасаған Тұрлығұлдың әрекеттерін өзгертпей, сол алғашқы қалпында (1913 ж. романдағы) қалдырған. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны (1913 ж. Рисак торы) мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес.
Тұрлығұл сонша қатал-әрекет адамы болса, күйеу баласы Шалқанға қамшы жегізіп, үйінен Ғайшаны алып кеткен Қожашқа қарсы қалай болғанда да бір әрекет жасар еді. Тіпті солай болғанда да Тұрлығұлдың кейінгі әрекеттері тым жеңілдеу, автордың мінездеуіне сай емес.
С.Көбеев романының кейінгі басылымына енгізген осындай түзетулер көптеген уақиғаларға да көлеңке түсіріп тұр. Роман жазудағы негізгі мақсатының бірін автор былай баяндайды: “Романды жазудағы тағы да бір ең басты себеп болған нәрсе қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте, қорлық зорлықта тұтып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсаты еді”.
“Қалың мал” романының алғашқы нұсқасында да автор осы мақсатын айқын жүзеге асырған. Романда түрлі әлеуметтік топ психологиясы жақсы бейнеледі. Роман басында Байғазы мен Құрымбай билер өз пайдалары үшін Есмұраттың келінін саудалап жатса, 60-тағы Тұрлығұл мал беріп өзінің қызындай Ғайшаны алмақ болады. 60-тағы Тұрлығұл мен Ғайшаның арасындағы жас алшақтығы олар үшін мүлде үйреншікті нәрсе, сондықтан да оны ойлап отырған ешкім жоқ, оларды ойландыратын басқа нәрсе. “Сіз ұнатпай ма деп Итбайға ештеңе демей кеттік”, - дейді, Байғазы мен Қурымбай демек, Ғайшаны Тұрлығұл ұната ма, жоқ па? Мәселе сонда. Арадағы жас алшақтығын Тұрлығұл да ойлап отырған жоқ. “Маған бермесе де малға береді” – деп, Ғайшаны малға алатынын біліп отыр.
Бұл Тұрлығұл маңындағылардың ойы дейік. Енді қыз әкесі Итбай мен Ғайша ауылына келейік.
Әбіш келгеннен бастап Тұрлығұл жайын бірден сезген Итбайда ес қалмайды. “Қанша мал сұрасам екен? Әлде ақшалай алсам ба екен” – деп тыным таппаса, оның жақын ағайындары Амантай мен Жамантай, Қарақұлдардың пікірін қараңыз. “Бәрі бір дауыспен, жарайды, жат жұртыққа жаралған бала ғой, қайырлы болсын, беру керек, ол дағы бір орын ғой, әйел баланың орны табылған соң не керек, мал десе малы бар, бай десе бай”.
60-тағы Тұрлығұлдың Ғайшаны айттыруы олар үшін де адам таңданатын уақиға емес, қалыпты жай. Бірақ, бұл салтқа қарсылық та бар. Қыз шешесі Айсұлу Тұрлығұлдың атын естіген бойда-ақ ыршып түседі. “Мен он қырық жеті болса да баламды шалға беруге риза емеспін”.
Бірке, Әлкен, Жүністер Ғайша тілегін тілейді. Оны құтқарсаңшы деп Қожашқа тілек білдіреді.
Ғайшаның шілдеханада айтқан өлеңін естіп, қыздар жылап алса, Серғазы да ойға қалады. “...Рас, Ғайша он бесте, Тұрлығұл алпыста, әлде одан да артық па, бір аппақ шалға барып бишара қалай адам болады. Обал! Обал!... Ешкімге жазығы жоқ қор қызық секілді байғұстың обалына бекер кіріскен еекм, енді реті келсе құтылуына себепкер болсам”.
Серғазының Қожан Ғайшаға уақиғасына араласып, оларға тілекші болуының негізгі сыры осы.
Сол тәрізді Итбайды білетін көпшілік те Ғайшаның жайын естігесін “бүйтіп алған малы құрысын” – дейді.
Кейінгі басылымдарда Әлкен, Бірке, Жүніс бастаған топ Қожаш – Ғайшаға оқиғасын тізесін батырған Тұрлығұлдан кек алатын кез ретін, өздерінің таптық мүдделеріне қатысты қарайды. Ал 13-ші жылғыда олар құрбыларын аяйды. Реті болса оған көмекке баруға даяр екенін айтады. Бірі – Ғайшаны Қомашқа алып қашсаңшы десе, екіншісі Ғайшаны құтқаратын адамға 50 теңге беруге даяр екенін білдіреді.
Бірақ ел адамдары қаншама Ғайшаны аяса да, көңіл білдіруден аса алмайды. Әрекетке көшетін пәрменді қарсылық жоқ. Әлеуметтік шындық осы.
С.Көбеевтің “Қалың мал” романының 1934 жылғы Екінші басылымда шығарма көркемдік жүйесіндегі әлеуметтік мазмұн өзгертіледі. Тұрлығұл момын байдан елді ықтырған ірі феодалға айналады. Сондықтан да оқырман роман мазмұндағы сәйкессіздікті бірден сезінеді.
Көркем шығарманы келесі басылымда өңдеуде көркемдік жүйедегі әлеуметтік мазмұн әуендеріне абай болу керек. Қоғамдық қатынастарда пайда болған жаңалық, жаңа сана, әрекет, мінез-құлқы, түрлі әлеуметтік күштер көзқарасы, қарым-қатынасы тиісті деңгейге көркем мазмұнда көрініс табады. Бұл ескерілмеген немесе өзгертілген жағдайда роман көркем мазмұнындағы үндестік бұзылады. “Қалың мал” романындағы көркем шындық осыны көрсетіп отыр.


3. ДИКТАНТ ТҮРЛЕРІ. ДИКТАНТ МӘТІНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. ДИКТАНТ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ. ДИКТАНТТЫ ТЕКСЕРУ МЕН БАҒАЛАУ НОРМАЛАРЫ.
Жоғары сыныптарда қазақ тілін сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі — диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет