1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Зерттеуші М.Мелиоранскийдің (1868-1906)



бет2/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Зерттеуші М.Мелиоранскийдің (1868-1906). «Краткая граматика казах-киргизского языка» 1894 – 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, граматикалық құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілінің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындығын анықтайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в). ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды.
А.Байтұрсынұлы Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. Қазақ тілінде оқып, білім алушыларға лайықталған бұл әліппе қайта-қайта басылып отырылды.А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты. Автор «Оқу құралы. Қазақша әліппеде дыбыс, дыбыстың түрлері, сөйлем сияқты терминдер қолданылғанымен, онда оларға анықтама бермеген. Бастауыш мектепке арналып жазылған «Тіл – құрал» үш кітаптан тұрады. 1-жылдыққа арналған 1-кітап «дыбыс жүйесі мен түрлері», 2-жылдыққа арналған 2-кітап «сөз жүйесі мен түрлері», 3-жылдық арналған 3-кітап «сөйлем жүйесі мен түрлері» мәселелеріне арналған.«Тіл – құрал» бастауыш мектепке арналған оқулық болғанымен, білім алушының жас ерекшеліктерін, психологиясын ескере отырып жазылғаны, қазақ тіл білімі салалары жіктеліп берілуі және сонымен қатар терминдер мен ережелердің нақты және тиянақты берілуі еңбекті қазақ тіл білімінің бастауы болатындай дәрежеге жеткізді. «Тіл – құралда» алғаш рет берілген ережелер тілдің үш саласыны (фонетика, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып, қолданылған терминдер көбі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) және шала (р, ң, л, м, н, у, й)деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», - дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты (р, л, у, й), мұрын шығысты (ң, м, н)боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л),босаң бөгеулі (ң),қысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұғыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы)және қымқырулысы (о, ұ) деп бөледі. Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетиканың зерттелуіне үлес қосқан қоғам қайреткерлерінің бірі Х.Досмұхаметұлының (1883 –1939) есімін ерекше атауға болады. Алғаш «Шолпан» журналында жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыққан "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазақ тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі жан-жақты айтылған.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты.Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру құбылыстары мен үндестік заңы, сөздің буын құрылысы мен құрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол арқылы қазақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зерттеулер кезеңін бастаушысы болды. Мысалы, «фонетика – дыбыс тілі дыбыстарының тілдік ұқас қасиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жақты талдап-түсіндіреді . Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін тапбай келе жатқан и, у жуан-жіңішкелі түрде қолданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінеде 1935 жылғы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне арқау болып, мақалады и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы оқулығында қосынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан құралған деген шешімге келеді. Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып, І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік», ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар», ІІІ-бөлім «Дауыссыз дыбыстар», ІV-бөлім «Буын», V-бөлім «Екпін», VІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мәселе бойынша қазақ тіл білімінде соған дейін айтылған көзқарастар мен нәтижелерді қамтыған.Бүгінгі кезеңде қазақ тілі фонетикасын эксперименталды түрде зерттеулер өз нәтижелер беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты қазақ тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева, т.б. зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырым-дарымен байытып келеді.
Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. phone – дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Фонетиканың зерттеу нысандары:тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет