7) Оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі. Әр сыныптың өз білім деңгейі болатыны белгілі. Сонымен қатар оқушының өзіндік жас ерекшелігі мен психикалық ерекшелігі бар. Сондықтан да қазақ тілін оқытуда осы ерекшеліктер ескеріліп, тілдік материал соған лайықталып беріледі. Оқушының психикалық ерекшелігі мен білім деңгейінен оның білімді қабылдау мүмкіндігі туады. Ал ол оқу материалының оқушының қабылдау мүмкіндігіне сәйкес болуын талап етеді. Қазақ тілін оқытуда осы принцип сақталса, ол оқушының тақырыпты меңгеруіне қолайлы жағдай болып табылады.
Тілді оқытуда бұл қағида сақталмағанда, түрлі қолайсыз жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, оқушының әлі келетін немесе әлі келмейтінін есепке алмай, бірден қиын материалды көп етіп беру арқылы оқушыда тақырыпты меңгеру қолымнан келмейді деген пікір туғызуға да болады. Ол оқыту ісінің нәтижесіздігін туғызады. Сондықтан оқушының психикалық ерекшелік¬терімен санасып отыру мұғалімге ерекше міндет жүктейді.
Сонымен оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескеріледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материал мен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырыптың өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім бақылап отырады. Нашар және орта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде түрлі жұмыстар жүргізіледі. Алдымен үйге берілген тапсырмаларды бақылап, тексереді. Содан кейін жаттығудың шартын дұрыс және бұрыс орындағандарына назар аударады. Өткенді еске түсіру мақсатында талдау жұмыстарын жүргізеді. Өтілген тақырып әбден меңгеріліп болған соң, жаңа материал түсіндіру, көрсету арқылы әңгімеленеді. Оқушылардың өздеріне материалдар оқытылады. Бұдан кейін өтіліп отырған материал жеке-жеке сұрақтар бойынша еске түсіріледі. Тақырыпты оқушылардың өздеріне айтқызып, қорытындылайды. Материалға лайықты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Осы сияқты жұмыстар жүйесі негізінде әрбір оқушының оқуға деген бейімділігі мен икемділігі арта түседі.
6-билет. 1. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Тұрақты тіркестердің басты белгілері, түрлері, зерттелу жайы.
Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым). термин негізінен екі түрлі мағынада қол-данылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің саласы дегенді, екіышісі — бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Айрықша зерттеген .Кеңесбаев болды. Оның ХХ ғасырдың 40-жылдары жарық көрген “Қазақ тілінің тиянақты сөз таптары” (Докторлық диссертация, Алматы, 1944), “Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары туралы” (Халық мұғалімі. 1946) т.б еңбектері бар. Фразеологизмдерді топтау мәселесі І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Ә.Т.Қайдаров, Р.Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің құрамдық сипатын ашып, семантикалық-тақырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айқындады. Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады. Біріншісі - қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық өңдеуден өткізудегі І.Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” ,Ә.Қайдаровтың “Мың әсерлі де бейнелі орамдар” сияқты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың “Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты” (Алматы, 1997) атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимдік қатарын анықтаудағы Г.Смағұлованың “Фразеологизмдердің варианттылығы” (Алматы, 1996), Р.Сыздықованың “Сөздер сөйлейді” (Алматы, 1994), Н.Уәлиевтің “Фразеология және тілдік норма” (Алматы, 1998) сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күнгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән-мағынасы ашылды. Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт - қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу ісі. М.Х.Абилғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева, М.Р.Есімжанова т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт - фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Ақбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сияқты тілші мамандардың зерттеулері Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома(қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
2. «АЛПАМЫС», «ҚОБЫЛАНДЫ», «ЕР ТАРҒЫН» ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ. Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақтың батырлар жырының қайсысын алсақ та бәрінде де ел бірлігі мен Отан қорғау мәселесі бірінші кезекте тұрады. Батырлардың ойы мен арманы, ел мұны халық тағдырымен ұштасып жатыр.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).