1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Зерттеу, сипаттау тәсілдерінеқарай фонетика



бет3/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

Зерттеу, сипаттау тәсілдерінеқарай фонетика: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика (синхрониялық және статистикалық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін үндесу заңдылықтарын, орфография және орфоэпия мәселелерін анықтайды.Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) – тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, - деп М.Томанов атап көрсетедi.
Салыстырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Мәселен, қыпшақ тілдері тобындағы қазақ тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен қаншалықты туыстығына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз.
Салғастырмалы фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді.Қазақ тілі мен орыс тілдерінің немесе қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады.
Дыбыс. Әріп. Фонема.Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды


2.Ғ.МҮСІРЕПОВТІҢ «ЖАТ ҚОЛЫНДА» РОМАНЫ: ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ. «Оянған өлке» 1953 жылы жазылған.қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы,өнеркәсіп,өндіріс орындарының бой көтеруі,жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи,саяси-әлеуметтік оқиғалар кеңінен суреттелген. «Жат қолында» (1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады.Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады.Романның бас кейіпкері – күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы,бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.Оянған өлке - Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 cандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» романы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі, Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Сонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған, жұттың кесапатына душар болған, малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен. Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары, ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы, құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады. Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.“Оянған өлкеде” Игілік би мен Жұман бай арасындағы бітімге келмес, терең ордай, қайтусыз қақтығыстарды бедерлеу жүлгелерінен шебер көрініс тапқан. “Абай жолында” бұл ыңғайдағы қоғамдық-тарихи коллизия шежірелік ретпен, буыннан буын алмаса, ұзақ кезеңдерге созыла, мираскерлік тұрғыларынан мол нанымдылықпен өрнектелсе, “Оянған өлкеде” осы тартымдық типтік көрінісі Игілік-Жұман арасындағы кереғар күндестік, көзсіз бақталастық оқиғалары арқылы ықшам да сенімді баяндалады.Ғ.Мүсірепов суреттейтін ресми-әкімшілік орындардан сәл шалғайжатқан Қарағанды өңіріндегі феодалдық тұрмыс-салт сипаттарынелестету үшін түпбейнелері болғанмен, басым түрде шығармашылыққиялға еркіндік беретін романда Алтай-Қарпықтағы бір-бірінен тайсалмас, ымыраға жоқ екі байдың аяусыз қырқысын алумен шектелу орынды қадам есепті. Жаңаға ұмтылудың бір нышаны предметтік-бейнелеу жүйесінен басқа, осындай оқиға, сюжеттік желілерді орайластыру жобасынан көрініс береді. Шығармада суреттелетін кезең – шырымы бұзылмаған дала ғұрпына тұнып тұрған, негізінен малшылық кәсіппен күнелткен дербестігі мол дәуір емес, қазақ даласында Нілді, Ақбұйрат, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды кендерінде орыс, ағылшын алпауыттары пайда шеңгелін сала бастаған суыт мезгіл. Феодализм дәстүрі мен алғашқы капитализм үрдістерінің бой тасалап келіп, ен жайыла түскен үнсіз арбасуы өріс алған шақта қаламгердің реалистік назары бай мен бай емес, бай мен кедей, жұмысшы мен өндіріс иелері арасындағы таусылмас қақтығыстарға ауған. Өркеуде, шешен, батыр, айлалы, қатігез Құнанбайлар дәуірі көне тартып, қулығы мен екіжүзділігі, жымысқылығы басым жорға Игіліктердің заманы төбе көрсеткен тұс. Күреңкөз қожа, Жұмабек төре, Боздақ би сияқты Игілік айналасындағы адамдар да өздерінің атақ, лауазымдарына сәйкес биіктен түсіп, даланың шөбі мен малын ақша, алтынға айналдыра бастайтын қалтасы қалың, есебі мықты бас бидің ығында жүріп, сөзін сөйлеуге, күйін күйттеуге ғана ойысқан. Баласы Ордабайды болыс қойдырған, кен ашушы Попов, Рязанов, Ушаков тәрізді орыс капиталистерімен тамыр басысқан, сол заманның материалды-техникалық әлеміндегі жаңалық атаулыға құлағы түрік, ынташыл, қиырдан ойлайтын Игілік жанды да емес, туысы, Қарабайдың сараңдығын бойына асыра сіңірген, күйгелек әрі беймаза, іші тар, шолақ түйсікті, дүниеқор, іліп алар бір қасиеті жоқ Жұман байды алып та, шалып та жығып отырады. Ғ.Мүсірепов Игілік тұлғасын әр қырынан, көтере сипаттаусыз, нақты мінездік штрихтармен жан-жақты реалистік нақыштар арқылы суреттесе, “Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам”, “мұқыл тырнақты саусақтары келінің сабындай жұп-жуан”, “қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай”, “етегін көтерместей біржола түйілген қабақты” Жұманның портреттік сипаттамасынан бастап, жүріс-тұрыс, іс-қылығына дейін гротескілік сықаймен, ернеуі іркілмес мол юмор өрнектерімен бейнелейді. Жұманның прообразын фольклорлық дәстүрден іздесек, Қарабай тұлғасымен тамырластықты байқаймыз. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” драмасының авторы өзі терең көркемдік жинақтаудан өткізген трагикаминалық кейіпкердің ұлттық өмірдегі этнопсихологиялық орнын дәл аңғарып, жаңа шығармасындағы жаңа мезгілдерге, жаңа жағдайларға қатысты ол бейненің тарихи-философиялық мәнін толық аша түсуді міндет санаса керек. Қырсығып, қарсыласына алдымен қыр көрсететін Жұман ылғи да ойсырай жеңіліп, жерге отырып қалады. Ашулық, ызақорлығы мен ақылсыздығынан жапа шегетін Жұманның елден ерек қараулығын бедерлейтін нақты психологиялық детальдар жеткілікті. “Оянған өлкеде” Ғ.Мүсірепов стилінің аналитикалық психологизмінен гөрі синтетикалық психологизмге оңтайлылығы шығарманың ауқымды идеялық мақсаты мен кең эпикалық құлашынасай. Қаламгердің дара қолтаңбасы да, ол кездегі қазақ прозасының негізгі дәстүрі де әлеуметтік-психологиялық талдау өнерінің орнын,оқиғалар мен құбылыстарды суреттеудің драмалық кернеуімен толтыруға арқа сүйейтін. Сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, баяндау құрылымындағы динамизм Ғ.Мүсірепов психологизмінің арнайы тілектен емес, шығармашылық қажеттіліктен туған, жарқылдағы жоқ, көп сырын ішіне бүккен, әсерлі, серпінді, лаконизмге бейім астарлы сипаттарын айғақтамақ.Суреткердің бір ендікпен шектелмейтін, қарымы кең, сергек те зерделі назарын сан алуан фабулалық, сезім-күйлік шақтардан аңғару қиын емес. Мәселен, романда жағымды тұрғыдан, парасат, зиялылық сапаларымен әр тұста таныла түсетін талайы қиын Көпей бәйбішенің ессіз де болса, ері, күйгелек Жұманның қамы үшін сыйлас қайнысы, зымиян Игілікпен жасырын келісөз жүргізетін мезетінде шын ұнамдылық қырлары көрініс береріне күмән жоқ. Алайда жалшы Күңке бай құрбысынан түңілгендей күй кешеді. Кедей-кепшікке әшейінде қайырымды Көпей ең алдымен Жұман абыройы мен дәулетінің шашылмауын көздейтіндей. Жарлы Жақыбайдың жазықсыз сойылға ұрынуы (Жабай – Жылтыр Омар оқиғасы) әдеттегі құбылыс іспетті. Әрине, басқаша ыңғайдағы мәні болғанымен, айдың сәулесіне айна шағылыстырып ойнағанына мәз, ақылы ауысқан Тілеуке, ет-миға сіңген дағды бойынша өлім халіндегі туған ұлы Жабайдың жанынан байдың түйесінің қамын артық ойлайтын, кездейсоқ жолыққан Тілеукемен бірге күн ұзақ “әңгіме шертіп”, құмарынан шығатын, мәңгіге айналған Талтаяқ шал, Жабай қасіретіне қатысты эпизодтар В.Шекспирдің “Король Ли”, В.Гюгоның Квазимодасындағы кейбір концептуальдық сарынды еске түсіреді. Жазушы Игіліктің портреттік мінездемесін, қысқа қайырылса да, кесек көрінер, артығы жоқ, асып-тасуы жоқ, сыпайысымақ сөздерін, соңын баққан шыдамдылықпен ту сырттан соғардай арамза әрекеттерін суреттегенде де ұнатуы мен жаратуын аңдатпайды. Игілік істері мен ниеттерінің бұзықтығын өзге кейіпкерлер репликалары мен түсінік-талғамдарынан сездіру басым. “Бетпе-бет” келгенде автордың “қарсыласын” бағалай тұрып, Игілікпен ақыл-ой, сұңғылалық, характер межелері бойынша арбаса тіресуі байқалғандай. Мырзасынған Игіліктің түп қараулығы мен момынның мойнына мінуден жүзі жанбас арсыздығы, екісөзділігіне куәгер фактілердің бірі – үйші Сандыбайдың ерекше өнері үшін сый алу орнына “ұзын арқау, кең тұсау” уәде құрсауында бәрін ұмытып, әлі де жоқшылықта қалатын, мазаққа жем болатын күлкілі әрі қайғылы халі. Асқан шеберлік, табиғи зергерлікпен жасаған дүниесіне берілмекші бір үйір444 жылқының түр-түсіне қызығып, таңдай алмай, әлекке түсетін, оның біразын Ордабай болысқа картаға ұттырып, қалғанына қиялмен
баласына қалыңдық айттыратын аңқау, түйсігі аз Сандыбайдың мүскін жағдайы тек юмор емес, трагедиялық әуенмен көмкеріледі. Залымдыққа бас имек түгілі көкірек көрсететін ер де, өткір тілді, өжет Баянды – Көпей бәйбішенің бауыры, кәсібі – ұсталық. Табан ақы, маңдай теріне табынған, көңіл көзі ояу Баянды қазақ өміріндегі рушыл – феодалдық жүйеден капиталистік өндіріс қатынастарының біршама дәрежеде ұтымдылығын сезініп, едәуір саяси-құқықтық бостандық рухын аңғартқан алғашқы қазақтардың бірі. Екі байдың есер таласында соққы жеп, кемтарлық қамытын ұзаққа киген Жабайдың Баянды таңдаған кәсіпке мамандануында рухани-әлеуметтік заңдылық бар. Игілік пен Жұманның таласында күш сынасып, бір-бірінің қайраты мен адамшылығын өздеріне келіп-кетері жоқ қанды қақтығыс үстінде танып, тұңғыш рет жаны мен тегінің туыстығын ыза, кек, намыс шыңында терең түсінген Бұланбай мен Сүгірәлі Қарағанды кеніндегі
ұлттық жұмысшылар қауымының бас көтерер тарланы болуына бастапқы драмалық ситуацияларда жеткілікті психологиялық дайындық жасалған. Осы тұстағы Байжан мен Жұбай, Алшағыр мен Күнзила араларындағы от басылық жарасты қарым-қатынас, әзіл- қалжың ұлттық дәстүрдегі жанұя мерейін, халқымыздың материалдық игіліктерден биік қоятын мәдени-рәсімдік өнегесін, көңіл дархандығын паш ететін мағыналы көріністер. Байжан Қарағандының иесі болса, Бұланбай, Сүгірәлі, Алшағыр, Қолбаң тәрізді сан жүз кедейлермен бірге махаббат азаттығына қол созған Игіліктің жиені Сейіт пен Назым жатық жұртшылығы топтасқан шахта барақтарынан пана табады. Дала төскейіндегі осынау салыстырмалы түрдегі озық құбылысқа әр тап өз тұрғысынан ат салысуда. Жұмабек төре – подрядчик,
Ыбырай кіресшілерге жауапты. Игілік – кен таситын мыңдаған көлік малдың иесі, бәрі де мұртын майлап қалуға ұмтылған. Кенесарының найзасынан олжалы құтылған Игілік Ушаков-Рязанов компаниясынан жемсауын толтырусыз қалмастай. Жазушы аңқылдаған қыр халқының арасында Тұрсынбай секілді орыс алпауыттарының өзін алдаудан қашпас ысқаяқ кен іздеуші, Мұсақайдай күштіге жағымпаз, сатқын тыңшылардың, өзгелерді бір жақ, өзін бір жақ санайтын оның ұрысқақ445 әйелі Балсары тақілеттес кесеңсіз типтердің кездескенін жасырмайды. Ғ.Мүсірепов “Оянған өлкеде” ен-тегін қазақ жерін ашқарақтана кезген ағылшын магнаттарымен таласа-тармаса жүріп, дала жонын алтынға айналар асыл тас іздеп, таспадай тілгілеген Попов, Рязанов,Ушаков тәрізді орыс алпауыттарының өзара қырғи-қабақ тартыстарын ықыластана суреттейді. Бұл арна Рязанов-Ушаков арасындағы қарым- қатынастар жүйесімен нәзік психологиялық келбет алған.
Ушаков та, оның Ақбұйрат пен Қарағандыдағы инженерлері – Бернер мен Некрасов та осы тарихи- экономикалық қажеттіліктерге қарсы шығуға құлықты емес. Шеңгелін алыстан салатын майда тілді, аяр ақсүйек Рязанов пен қожайынына аңшының итіндей берілген, оңбаған істің дүлдүлі Сикорский салыстырмалы түрде ғана адал, аршынды, ақкөңіл, алайда пайдақорлығы жағынан есе айырмаса, жер қалқысы жоқ Никон Ушаковты ақыры орға жығып тынады. Кәріқақсал, қырқар түлкі А.Рязанов қасқыр да болса, айласы мен ақылы кемшін соққан өзінше апайтөс әріптесін тұншықтыра салады. Ушаков көмекке Игілік досын шақырады, бірақ дала қорқауы күмәнді тұстан аяғын тартып алып, жанын ғана көрсетіп кеткен тәрізденеді. Романның бесінші бөліміндегі Ушаков басына төнген терең қайшылықты жағдаяттарды автор әдеттегі эпикалық баяндау тынысына психологиялық иірімдер қосып, зор әсерлі бояу-саздармен суреттегені анық. Ортақ төл сөздер, ішкі монолог үлгілері, сана ағымын тікелей сипаттау шығарма жолдарына, оқиға, характер табиғатына лирико-философиялық толымдылық береді. Ғ.Мүсірепов талантының негізгі қуаты – жазушының драматургтік өнерімен егіздес диалог құдіретінде. “Оянған өлкеден” бірде бір бос тұрған реплика, полилогтық мезеттерді кездестіру мүмкін емес. Әр қаһарманның өз жан әлемі, характері, дүниетанымына сәйкес дербес лексиконы, сөйлеу мәнері, тілдік ерекшелігі сақталған. Әкелі-балалы Бұланбай мен Нарбайдың ақжарқын, ақиық, қызба мінездеріне сай әсерлі, бөгеусіз, кейде тіпті тосын, адал сөздеріндегі тегі бір ұқсастыққа дейін, жылтыр Омардың Жабай кетпенінен алған соққыдан кейін түр-түсіндегі өзгеріс пен тіл қату, жекелеген дыбыстарды жеткізу дағдысына шекті “ерінбей” назар аударатын суреткер диалогтарының реалистік қайнары, рефлексологиялық дәлдігі, әрекеттік қажыры зор. Әсіресе тоқтаусыз төгілген юмор әсерлі. Ол юморда табиғи ақыл, парасат, көрегендік пен көргенділік, даналық ұшқындары бар. Біз. Ғ.Мүсіреповтің автор-баяндаушы, әңгімеші, сипаттарын, суреттеуші – жазушы ретіндегі өр де тәкаппар, ұсынғыш та қайырымды, ездікке емес, ерлікке, қыран самғар биікке құмарлық рухын дәріптер таза халықтық сезімін, асқақ тұлғасын кіршіксіз парасаты мен тозаң тартпас даналығы үшін әрдайым бағалаймыз.


3.ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ҒЫЛЫМ САЛАСЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ НЫСАНЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?);
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет