Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантизм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш; Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з; Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң. Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.
Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.
Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:
Қатаң п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
Ұяң б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді
Мұрын жолды м, л, н, ң
Ауыз жолды л, р, й, (у)
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
2.Х.ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «КӨП ЖЫЛДАР ӨТКЕН СОҢ», «ТАР КЕЗЕҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ Хамза Есенжановтың романдары – қазақ әдебиетінің қорын байытқан, шырғалаң дәуірдің шынайы болмысын көрсеткен, заман келешегі үшін күрес жолын таңдаған, азаттық аңсаған ерлердің мұң-мұратын терең психологиялық иіріммен толғаған, өтпелі дәуірде өмір сүрген азаматтардың ауыр да азапты тағдырын сұрапыл жылдар тартысын қаз-қалпында бейнелеген тарихи шежіре.“Ақ Жайық” трилогиясының тақырыптық жалғасы “Көп жыл өткен соң” мен “Жүнісовтер трагедиясында” азамат соғысынан соңғы Орал өңірінің өмірі бейнеленіп, халық шаруашылығын қалпына келтіру баяндалып, Батыс Қазақстандағы ұжымдастыру жылдарының көркем шежіресі жасалған.жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген.
"Ақ Жайықтың” үш кітабындағы алты бөлім, елу тарау, екі жүзге жуық эпизодта шашау шыққан шашыраңқылық жоқ. "Төңкеріс үстінде” деп аталатын бірінші кітапта ақтардың Орал қаласын басып алуы, "Шыңдалу” есімін иеленген екінші томда халық санасының оянуы мен күреске шығуы, "Тар кезең” атты үшінші шығармада Совет өкіметінің орнауы баяндалады. Жай ғана баяндалмайды оқиғалар мен кейіпкерлер тағдыры арқылы кең тыныс, кемел оймен суреттеліп, кестелі тілмен көмкеріледі.
"Ақ Жайықтың” бас кейіпкері – үш кітапта бірдей көрінетін, жай ғана бой көрсетіп қоймай бедерлі бейнеленіп, мінсіз мүсінделген Хакім. Трилогия оқиғасы реальное училищеде оқитын Хакімнің сүйген қызы Мүкараманы ойлап, балаң бозбаладан күрестің от-жалынында шыңдалып, революционер дәрежесіне жеткен жігіттің сүйіктісі Мүкараманың қан жұтқызған қазасына тап болған қайғылы оқиғамен, сонан соң Бақытжан Қаратаевтың халық алдында жалынды сөз сөйлеуімен аяқталады.
Қанішер Абылаев басқарған елу офицердің "түнде төсекте бейғам жатқан” екі жүз жасақшыны қырып салған Ащысайдағы қанды оқиға оқушының сай сүйегін сырқыратады. Сол қаралы түнгі қанды өртте Хакімнің Мүкараманы жаны ышқынып іздеген, сәлден соң оның өлі денесін көрген сәті трилогияның ең бір көркемдік биікке көтерілген тұсы. Сөзіміз жалаң болмас үшін бір ғана үзінді келтірейік: "Хакімнің тілі байланып қалды. Ол аппақ қудай болып кетті. Көзінен жас, аузынан үн шықпады. Ол тек аулаға шығарып көгендеген қозыдай қатар салған қанды өліктің ішінен адам іздеді... Ол тапты. Шеткі төбесі ортасына түсіп, қопарыла құлап қалған үлкен үйдің жанында Нұрым жатыр еді. Нұрымның қасында Орақов. Екеуінің де басы кесілген, Хакім Нұрымның бассыз кеудесіне төніп, тізелей, мойырыла отыра кетті. Біраз уақыт өтті... Оның ойына бір кез үрейлі нәрсе сап етті. "Мүкарама қайда? Жау қолында!.. – дей берді ол іштей. О, тәңірі! Неге өлмеді жауға олжа болғанша! Неге қанға көміліп жатпады ақ дене! Неге!.. Неге!.. ” – Бұл тілек пе, әлде ашынған ащы қасіреттің елесті үні ме? Оны Хакім білмеді. Тек: "Неге! Неге мына жерде жатпады! Неге жау қолында қор болды! Неге! Неге!” дей берді. Ол бір сәт назарын Нұрымнан басқа жаққа аударғандай болды. Қасында қопарылған үйдің астынан бір топ ауыл адамы өлік шығарып жатыр екен. Хакім мағынасыз көзін сол жердегі үй астынан шыққан өлікке бұрды. Ол бірте-бірте орнынан тұра бастады. Әйел өлік... Жас әйел. Келіншекті екі адам көтеріп шетке шығарып салды. Тағы әйел... Оны да көтеріп келіншектің қасына әкелді. Кәрі әйел. Бір кез... о, тәңірі... бір әйел... бір бала... қыз бала... әйел емес. Шашы төгілген... аппақ... Қағаздай аппақ жүз... Жаңағы қысқа тілек! Жаңағы тар тілек қабыл болғаны ма?.. Хакім ұмтылып келіп өліктің басын құшақтай алды. Өлік Мүкарама еді...”
Жиырмасыншы ғасырдың басында Жайық өзенін жағалаған, оны айтасыз, кең байтақ қазақ жерін мекендеген халықтың халі де Дондағыдай қайғылы болатын. Ресей империясы мен қазақтың ұлы даласында кең қанат жайған революция мен азамат соғысы жазықсыз, жазықты жандардың қанын судай ағызды. Дон казактары сияқты Жайық қазақтары да қақ айырылды. Замана дүрбелеңімен екіге бөлінген бір халық бірін-бірі аяусыз қырды. Олардың арасында Ресейден ентігіп жеткен, ақтар мен қызылдар болып алысқан орыстар да бар. Адам мен ажал беттескен сол топтың ортасында "Ақ Жайықтың” кейіпкерлері жүр. Жай жүрген жоқ, оқты күндер мен отты түндерде жандарын шүберекке түйіп атысып, шабысып жүр. Трилогияның үшінші кітабындағы бірінші сөйлемнен сөйлетсек: "Тартыс тас қамаудың ішінде де жүріп жатты”.
3. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ КЛАССИКТЕРІ. (А.БАЙТҰРСЫНОВ, Т.Б.) Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті.
Ұлы далада соғылған алғашқы қоңырау арқылы қазақ баласы мектеп табалдырығын аттады. Енді осы білім шаңырағында жүйелі түрде іргелі пән ретінде жүргізілетін сабақтардың оқулықтары мен оқу құралдары жазылып, олардың бағдарламалары жасалуы қажет болды. Бұл үлкен де ауқымды, әрі жауапкершілігі мол іс еді. Сондықтан да, ең алдымен, қазақтың көзі ашық оқығандарының бәрі де бұл іске жабыла кіріседі.
Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек?» деген мақаласы «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 1919 жылы жарияланды. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі.
Ең әуелі география, математика, табиғаттану, педагогика, қазақ тілі, әдебиет, тарих т.б. пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі белсенді түрде іске асырыла бастады. С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі.
Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы, әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы» (1925), «сауатты бол» (1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы» (1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады.
Қазақ ойының биігін танытатын замана суреткері Жүсіпбек Аймауытов тек көркем сөз шебері ғана емес, қазақ мектептерінде ана тілін оқытудың жай жапсырын айтқан, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым да. Халық ағарту жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытов жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. Автордың 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындары студенттеріне арнап жазған «Тәрбиеге жетекші», 1926 жылы Орынборда жарық көрген өнер таңдау, 1929 жылы Қызылордада басылып шыққан «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» атты кітаптары кезінде педагогикалық оқу орындарында оқулық қызметінде қолданылған.
Қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың бірі - Сейіл Жиенбаев.
С.Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы», «Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбектер жазған.
Шамғали Сарыбаев – ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
А.Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғалымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?» «Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр,жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.
1920-190 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдр болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық , оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принциптерін белгілеу сияқты күрделңі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,і-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т.б сияқты мақалаларын ғылым осы мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық дисертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын» (Т.Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын » жазады.
Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындылары жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі.
4-билет. 1. ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЛЕКСИКОЛОГИЯ САЛАСЫ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ. ЛЕКСИКОЛОГИЯ – сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығы лексика немесе сөздік құрам делінеді. Ендеше лексикология – тілдің сөздік құрамын тексеретін ғылым болып табылады. Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Лексикологияның зерттейтін объектісі – сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің lexikos- сөздік + logos- ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Зерттелуі. Кеңес өкіметі жылдарындағы қазақ тіл білімінің зерттелу дәрежесі іштей біркелкі емес.Сол себепті оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қажеттілігі туады. 40-жылдарда тіліміздің бұрын зерттелмей, ғылыми пән ретінде оқытылмай келген саласы лексика жайында алғашқы зерттеу еңбектер пайда болды. І.Кеңесбаев қазақ тілінің тұрақты сөз тіркесі (бұл тақырыпқа ол 1944 ж. Докторлық диссертация қорғады), С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Қ.Шәріпов, Ә.Ермеков т.б. лексикология мәселелері жайында мақалалар жариялады. Жалпы ќатынас ќұралы ретіндегі тіл атаулының лексикалыќ жағына тән ќұбылыстар мен жалпылама заңдылыќтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда ќарастырылса, лексикалыќ ќұбылыстар мен жалпы заңдылыќтардың жеке, наќтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік ќұрамы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалќы лексикологияда (жеке наќтылы тілдің лексикологиясында) ќарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы (жеке лексикология) жалпы лексикологияның жалпы теориялыќ ќағидаларына негізделеді де, наќты бір тілдің лексикасын зерттейді.
Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы замандар бойында ќалыптасуы және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі", "Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады. Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.Лексикология тіл біліміндегі басқа салалардан кеш дамыды.20 ғасырдың өзінде лексикологияны әлсіз құрылымға ие,тіл білімі мүлде семантикамен айналыспауы керек деген пікірлер болды.Лексикология туралы мәселелер ол ғылым болып танылмай тұрған кезінде-ақ қаралған.Ерте дәуірлер мен орта ғасырларда сөз мағынасы мен құрылымы жайында сұрақтар қаралған.Антикалық риторика сөздің көркемдік қызметіне де көңіл аударған.16-18 ғасырларда Европада лексикографияның дамуы лексикологияның дамуына ықпалын тигізді.Түсіндірме сөздіктердің алғы сөздерінде алғаш рет лексикологиялық категориялар орын алған.Алғаш рет ғылымға лексикология терминін енгізгендер 1765 жылы Д.Дидро мен Ж.Л.Аламбер болды.Онда лексикология синтаксиспен қатар тіл үйренудің алғашқы 2 тарауы болды.Олар лексикологияның негізгі мақсаты-сөздердің этимологиясын зерттеу деп білді.18 ғасырдағы стилистика туралы трактатта алғаш рет ауыспалы мағыналардың жасалу жолдары көрсетілді, Р. К. Раск пен Ф. Бопп тарихи-салыстырмалы тіл білімі тақырыбындағы жұмыстары арқылы салыстырмалы лексикологияның дамуына үлестерін қосты.19 ғасырда Европада лексикологияның негізгі зерттеу нысаны-семантика болды.Сөздің ішкі формасы(Ф.Гумбольдт),сөз мағынасының құрылымы мен эволюциясының жалпы заңдылықтары(А. Дармстетер, Г. Пауль),тарихи лекикология үлкен даму үстінде болды.Семасиологияның дамуы 1897 жылғы М.Бреальдің жұмысынан бастау алды.Онда семасиология тіл туралы ғылымның белгілі бір тарауы болып саналды.Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап жан-жақты зерттеліп, осы салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.Қазақ лексикографиясы бойынша жаңа зерттеулердің бірі – Г.Көбденованың «Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары» атты еңбегі . Автор картотекалық қордың сипаты, маңызы мен рөлі туралы айта отырып: «Картотекалыќ ќор – кез келген лексикографиялыќ бастаманың, сөздіктер жасаудың негізгі базалыќ ќоры. Лексикография саласының ең өзекті саласы болып саналатын картотекалыќ ќорда карточканың саны, олардың тіл байлығын көрсете алуы, сөздер мен сөз тіркестерін ќаншалыќты жинай алуы, жазылған мысал-дәйексөздердің сол сөздер мен тіркестердің барлыќ мағынасын ќамти алуы, ќамтыған жағдайда сол мағыналарды саралауға, жіктеуге және дәлелдеуге олардың мүмкіншіліктерінің жетуі, мысал-дәйексөздерге алынатын авторлар мен деректемелер т.б. мәселелердің дұрыс шешілуі оның сапасын айќындай түседі» - дейді. Қазақ лекикасының диахронды-синхронды жай-күйі қазақ тіл білімінде тілші ғалымдар І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, К.Аханов, Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Ғ.Қалиев, Б.Хасанов, Айтбаев, К.Хұсайын, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ф.Оразбаева, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектеріне негіз болғандығы белгілі.
2.Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК КӨКЖИЕГІ. ҮРКЕР. Қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаев – қазақ қоғамы өміріндегі түрлі саяси өзгерістерге, ұлт болмысындағы өміршеңдікке, алуан жайттарға қоғамдық санамызды қалыптастыруға күш салған қаламгерлердің бірі. Қазақ-орыс қарым-қатынасының кейінгі тарихын (XVIII-XIX ғасырлар) Ә.Кекілбаев жазды. Оның «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984)романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің күрделі қарым-қатынасын суреттейдіРоман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып өмір сүруі үшін талай, жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Бұл күрестің ең белді жері, зор діңгегі – қазақ жеріне сан рет рахымсыз шапқыншылық жасаған, қазақ елін XVII ғасыр басында ақтабан шұбырындыға ұшыратқан жоңғарларға қарсы жүргізілген, мүмкіндігінше мықтап ұйымдастырылған ұрыс-тартысы еді. Алдымен ашып айта кетейік: бұл тартыстың да тарихи, мұндағы талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Әрине, көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігі, жалпы жорушылығы болады. Осы тұрғыдан алғанда мұнда, қазақтар мен жоңғарлардың майдан, ұрыс даласындағы айқасын көрсетуде-жазуда әсірелеу пен азын-аулақ асырып айтушылық жоқ емес. Бірақ болған оқиғаларды баяндаумен бағалаудың жалпы бағыты, барлық желісі әбден дұрыс, тарих тұжырымдарына ешбір қайшы емес. Шығарманың барлық басты персонаждары – кейіпкерлері – айталық, Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе белгілі билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке және басқалар әсте де ойдан шығарылған пенделер емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өздерінің істеріне қарай белгілі дәрежеде із қалдырған нақты адамдар, үлкенді-кішілі қайраткерлер. Әрине, романда автор ойынан шыққан, керекті жерінде қажетімен кіргізілген кейіпкерлер де жоқ емес. Бұлар да көркем шығармада кездесіп отыратын әбден табиғи құбылыс. Бұлар өздерінің бояуларымен, іс-әрекеттерімен шығарма мазмұны мен іреңін кемітіп тұрған жоқ, қайта кеңейтіп, айрықша ашып тұр. Сонымен, бұл шығарманың ерекше айырмашылығы мен артықшылығы сол – ол түгелдей өмірде болған адамдардың өздері мен нақты /жағымды да, жағымсыз да/ істеріне негізделіп құрылған. Сондықтан да бұл – шын мәнісінде тарих шежіресіне құрылған тарих жанрына жататын туынды. Мұның өшпес маңызы мен тарих төрінен алатын орны алдымен осында.Осыдан бастап ішкі монолог Әбіштің жазу мәнеріне еркін кіргенін байқаймыз. «Үркер» романындағы қазақ тарихының мәселелері (қазақ хандығының көшпелі салтанаты, дербестігі, ел ішіндегі жағдайлар, алауыздық, Әйтеке, Төле, Қазыбек билердің бірлік үшін күресі, т.б.) де Әбілқайырдың ойлауы, еске түсіруі ретінде беріледі. Бірақ тиянақ таппаған тарих тарих елді тағы да тығырыққа тіреп отыр. Жоңғар шабуылы тықсырып барады. Осыдан Әбілқайырда Ресей мемлекетіне бодан боп кіру идеясы туады. Роман Әбілқайырдың орыс патшасына елші жіберуі, Тевкелев бастаған елші келуі, оның қазақ ру басшыларынан ант алуы оқиғаларына құрылады. «Елең-алаң» - «Үркердің» жалғасы. Онда орыс елшілігі мен Әбілқайырдың арасында қиыншылықпен іске асқан келіссөзден кейінгі екі елдің арақатынастарының ширай түсуі сөз болады. Роман оқиғасында қазақ делегациясының Петербургке баруы, Орынбор экспедициясының құрылуы мен қазақ даласына сапары, Ор өзені бойында бекініс салу, Татищев пен Әбілқайырдың кездесуі, Әбілқайырдың бодандыққа беріктігіне қайтадан ант беруі сияқты жайлар қамтылған. Башқұрттар көтерілісі, оның қазақтарға әсері негізгі арнаға қосылып суреттеледі. Екі романда да жазушы Әбілқайыр идеясын қолдауымен көрінеді. Орысқа қосылуды маңдай алдыңнан туып, жолыңды жарқыратып көрсетіп тұратын Үркерге балайды. Елең-алаң- сол таңның әлі де атып болмаған бейнесі. Қазақ елі үшін әлі де көп нәрсе жұмбақ, күдікті.Екі роман да осыған меңзейді, ойландырады. Дилогияның бір ерекшелігі сонда, автор әр кейіпкердің кәдімгі адамға тән тыныс-тіршілігін, қуаныш-ренішін, пиғылын, мінезін – бәрін-бәрін кең ауқымда бейнелей отырып, жанры жағынан “Үркер”, “Елең-алаңға” терең психологизм, мәнді философиялық сипат қана емес, лирикалық сипаттағы новелла элементтерін де ұтымды енгізе білген. Романдардың композициялық-сюжеттік құрылымында оқиға басталуы жоғарыдағы біз келтірген ұзақтау үзіндіде көрінсе, оның мәресі “Елең-алаңдағы” соңғы картинамен, бас қаһарманның әрі-сәрі күй кешкен, күдігі мен үміті араласқан, қарызы мен парызын пайымдаған сәтіменен аяқталады. Жазушының стиль саласындағы шеберлігіне осынау ерекшелікті де жатқызғанымыз абзал.“Үркерде” сапардан оралар жолаушыларды күтіп, алаңдап отырған ханның көңіл-күйі мен сан-саққа жүгірген ойы және тура сол сәтте сайын даланың ерке перзенті – құландарды арнайы қазылған орға, оның ішіндегі мың сан істіктерге қаумалап қуып келе жатқан аңшылардан сескенген Итжеместің жайы қоса қабат берілетін, сөйтіп, осылай басталған сюжет роман соңындағы Әбілқайыр монологы арқылы былайшы аяқталады: “Апырау, мынау ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей тозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самсаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр- ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыраспай бірге туып, бірге батқанынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ,қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды.
Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай.Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!..”.Істікке құлап, мерт болған аңқау да аңғал құландар арқылы романның соңындағы Үркер жұлдызының кенеттен жарқырап түн ішінде көрінуі арқылы автор сол бір аумалы-төкпелі заманаға, ондағы қоғамдық-әлеуметтік жағдаяттарға аса ұтымды тәсілмен философиялық реңк беріп тұр.
3.ӘДЕБИЕТ ПӘНІ БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖАҢА БУЫН ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ. Білім беру жұйесіндегі өзгерістерге байланысты (жалпы білім беретін мектеп 10 жылдық болды, пәндік жүйе 4-кластан басталды, бастауыш үш жылдық болды) жаңа бағдарламалардың жасалуы. 4-10-класс бағдарламаларын Ә.Дайырованың жасауы.
Бағдарламаларға ғылыми талдаулардың жасалуы. Әдебиеттің пән ретінде 5-кластан оқытылуы. Оқу материалдары құрамының өзгеруі. Білім мазмұнының аспектілерінің өзгеруі.Әдебиет оқулықтарының жаңа нұсқаларының пайда болуы. Оқулық авторлары: