1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм



бет6/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.
Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан.
Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.
Лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің бәрінде бар.
2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуі бұл түрі ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына да бірдей тән болатын болса, лабиольдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің әрқайсысына көріну дәрежесінің өзі әр түрлі.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов.
А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпиға арналған еңбектері езу сингармонизімінің негізінде жасалған.
«Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы «дыбыстар гармонисы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген. А. Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген. Қазіргі қазақ тілі фонологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет