1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Оқытудың компьютерлік технологиясы



бет26/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
3.Оқытудың компьютерлік технологиясы Жаңа ғасырда білім берудің жаңа жүйесінде жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндер технологиялық ғылыми теориялық негізді оқыту мақсаты алға қойылады.Сондықтан егемен еліміздегі белсенді ізденіс үстіндегі ұстаздар жан жақты зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда.
Бағдарлама білім беру жүйесінің ішінде де,құрылымды бірліктері арасында да ақпарат алмасудың соңғы деңгейін қамтамасыз ететін біртұтас ақпараттық кеңістікті Қазақстанның білім беру саласында кезең кезеңімен қалыптастыруды көздейді.
Осыған орай оқушыларды оқытудың компьютерлік технологиясына негізделген бұйым құрастыру іс әрекетіне технология пәні барысында үйретудің маңызы орасан зор.Өйткені компьютерлік технологияны пайдалану оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың өрістей түсуіне ықпалын тигізеді.
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері:
• Оқушылардың өзіндік реттеу қабілетін дамыту;
• Оқушының әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалық сапаларын тәрбиелеу арқылы оқушының өзін өзгертуге бағытталған үдеріс.
Оқушы қабілеттерінің қалыптасып дамуы тек оқушының нені қандай білімдер мен ебдейліктерді меңгеруіне ғана емес,сонымен бірге оны қалай істеуге болатынына,яғни осы білімдер мен ебдейліктер оқушының шығармашылық қабілеттеріне түрткі болатындай,оның жеке игілігіне айналатындай етіп,компьютерлік оқытудың қалай ұйымдастырылуына меңгерілетін нәрсенің оқушы жан дүниесіне қаншалықты жақын екендігіне де байланысты.Компьютерлік оқыту барысында мұғалім «оқушы-компьютер» жүйесіндегі оқу қызметін толық түсініп,бұл қызметтің нақта өмірдегі алатын орынының қандай екендігін барынша ұғынуы қажет.
9-билет.1.Грамматика, оның зерттеу нысаны, салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория).
Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапамен белгінің және т.б. атаулары болып саналады.
Грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс – белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала – морфология мен синтаксистен құралады.
Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфемалар мен олардың түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары мен сөздердің лексика-граммтикалық топтары туралы ілім.
Ал синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың (сөздердің) сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында ғана емес, сонымен бірге сөз тіркестерінің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зерттейді.
Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді


2. Мағжан Жұмабаев шығармашылығы, поэзиясының көркемдік қуаты. “Батыр Баян” поэмасындағы Абылай хан, Баян батыр образдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет