1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет34/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Дара етістік пен күрделі етістік.Етістіктер құрамына қарай дар етістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады.Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.(Ы.Алтынсарин). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағанасезген.Бұл сөйлемдердегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар – бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер.Екі я одан көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлармаңырап жатыр екен. Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
1) негізгі түбір етістік; 
2) туынды түбір етістік.
Негізгі түбір етістік етістік сөздің өзінен болады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген. Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 
2) болымсыз етістік.Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет