Батыр баян кейіпкерлері: Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады. Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жауға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей »деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.
Баян - тарихта болған адам.Ұрпақтарының айтуы бойынша 1700-1757 жылдар арасында өмір сүрген батыр. Баянды Абылай ханнның аса қадір тұтып бағалаған. Ақылы ерлігіне сай, бар батырым бір төбеде, бұл-бір төбе- деп отыратын болса керек. Мағжанның шығармасындағы Баян мен Абылай арасындағы оқиға өмірде болған. Қалмақтар алдап, Қытай асып кеткені Шоқан мақаласында да жазылған. Поэмада бұл оқиғаның ұзын ырғасы толық сақталған. Тек Баянның жауды мың қолмен қуып кеткені, қайтар жолда ауыз судан ұшынып қайтыс болғаны поэма сюжетіне кіргізілмеген. Баянның ұрпағы Зейнелло Олжабаев. Мынадай деректерді айтқан. Баян уақ руының шоға деген тайпасына жатады. Шоға -Баянның жетінші атасы. Шоғадан тараған ұрпақтарды сатылап келгенде, Қосболаттың үлкен ұлы Баян болады. Баяннан тараған әулет бүгінгі күні Қарағанды жерінде өмір сүріп отыр.
3. Проблемалық оқыту технологиясы. Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әрбіреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түрлерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Проблема дегеніміз - субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді.
Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиналушылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарастырып, іздену іс-әрекетіне көшеді.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып, жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:
• білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үдеріс;
• бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
Проблемалық оқытудың басқа әдістерден айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдында белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену әрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
10-билет. 1. Зат есім, мағыналық сипаты. Көмекші есімдер. Зат есімнің грамматикалық категориялары.