1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет18/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
«Ер Тарғын» – батырлық жыры. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Тарғын мен Ақжүніс.
"Тарғын" – бес қаруды шебер меңгерген батыр, "Ақжүніс"– ару қыз. Тарғын хандармен араз болса да, халықпен бірге. Оның басына іс түскенде ханға деген өкпесін ұмытып, жау елін жайратып жібереді. Ақжүніс сұлу ғана емес, ақылды жан, батырдың жәрдемшісі. Ол әрдайым батырмен бірге жүреді.


3. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ.
Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту – бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар. Сөйлеу – ойлауды дамыту құралы. Ойлауды дамыту – сөйлеу жағдайларының негізі. Тіл дамыту – тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология – сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі. Бастауыш мектептегі сөздік жұмысының міндеттері мен бағыттары. Синонимдер, антонимдер, омонимдер және көп мағыналы сөздермен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарындағы сөздік жұмысының ерекшеліктері:
Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар.
Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі лексикалық жаттығулар.
Оқушылардың тілін дамыту жұмысы жүйесіндегі синтаксистік жұмыстар.
Бастауыш сыныптардағы сөз тіркесі және сөйлемдермен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны және міндеттері. Синтаксистік жаттығулардың грамматикалық және сөздік жұмыстарымен байланысы. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. «Мәтін» ұғымын қалыптастыру, мәтіннің типтері: сипаттау, хабарлау, пайымдау, аралас. Байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері және міндеттері. Байланыстырып сөйлеуді дамыту жаттығулары (тақырып, негізгі ой, жоспар т.б.).
Ауызша тіл ұстартуда жүргізілетін жұмыс түрлері
Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі белгілі бір бағытта,бағдарлама көлемінде өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу, анықтама, ережелерді дұрыс түсініп айту мақсатында болады.
Әр оқушының сөйлеу қарқыны,дауыс интонациясы, сөз байлығы, сөйлем құрауы, ой жүйесі түрліше болып келеді. Сондықтан оқушыны сабақ материалдарын өз сөзімен жинақтап айтып беруге дағдыландыру- әр сабақта іске асырылатын тіл дамыту жұмыстары.
Оқушы ойын дұрыс құрастырып сөйлей білумен қатар, айтылған ойды мұқият тыңдай білуі қажет, Тыңдау дағдысы дұрыс қалыптасқан оқушының сөйлеу тілі де, жазу стилі де жатық болмақ. Дұрыс тыңдай білуге дағдыланған оқушы сөйлеп тұрған немесе оқып тұрған кездерде жіберілген кемшілік пен қателерді бірден ағңарғыш келеді.Сонымен қатар, тыңдау қабілеті жақсы дамыған оқушы айтылған сөздердің құрамвнан көркемдегіш қанатты сөздерді есте ұстап қалуға әдеттенеді.
Ауызша тіл ұстарту жұмыстары оқушыны дұрыс сөйлеуге, ынтамен тыңдай білуге дағдыландырады.
Ауызша айтылған ой – пікірлерді жазу тілінің стиліне түсіріп, мәтін етіп жазу-тіл ұстарту жолының негізі болып табылады. Ауызша сөйлеу мен жазбаша тілдің ортақ мәселелері мол. Белгілі бір тіл материалдарын оқыту барысында сөйлеу тілі арқылы түсіндірілген, талданған жайттар жазбаша орындалатын жаттығу, тапсырма жұмыстарында ойлау, сөйлеу, дәлелдеу, жазу жұмыстары жүргізіледі.оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға бүкіл мұғалімдер жауапкершілікпен қарауы қажет. Ауызша тіл ұстарту жұмыстары мынандай жүйеде жүргізіледі;
1.Қазақ тілі сабағында оқушының жауабы мұғалімнің қатысынсыз өз тарапынан айтылуы тиіс.Оқушы теориялық материал жөніндегі ойын жинақтап сөйлеуге әдеттенеді. Грамматикалық талдау ,сөз мағыналарын ашу ,көрнекі материалдарды жүйелі дәлелдеп беруге дағдыланады.
2.Жаттығу, тапсырма жұмыстарының мақсатын ,шартын дұрыс түсініп ,материалды ауызша талдап,дәлелдеп беруге дағдыланады.
3. Оқығанын, естігендерін ,көргендерін мазмұндап, суреттеп, баяндап айта білуге баулу.
Жазбаша тілге оқытудың мақсаты оқушыларда жазбаша коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады, ал бұл жазбаша белгілерді, сөйлеу түрлерінің жазбаша мазмұнын және нысанын жазбаша меңгеруді қалыптастырады. Жазбаша тілге оқыту кезінде шешілетін міндеттер жазбаша тілдің оқыту мазмұнын игеру үшін жағдайлар жасаумен байланысты. Бұл міндеттер оқушыларда қажетті графикалық автоматизмдерді, сөйлеу-ойлау дағдыларын және айтылатын ойдың жазбаша стильге сәйкес тұжырымдай білу дағдысын қалыптастыруға, білімі мен дүниетанымын кеңейтуге, жазбаша тілдің мазмұнын жеткізе білу мәдениеті мен интеллектуалдық дайындығын игеруге, жазбаша мәтіннің тақырыптық мазмұны, сөйлеу стилі және графикалық пішіні туралы түпнұсқадан ауытқымай жеткізе білуді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жазбаша тілді оқытуға қойылатын ақырғы талаптар оқушыларда шетел тілін меңгерудің қол жеткізілген бағдарламалық деңгейіне сәйкес тілдесу, танып білу және шығармашылық тәсілі ретінде шетел тіліндегі жазумен қалай практикалық жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыруды енгізеді. Жазбаша тілді үш жазықтықта: мазмұны (ойлау), бейнелеу (сөз) және орындау (графикаларды) қарастыруға болады. Жазбаша тілдің мазмұны оның қызметтік мақсаты және міндеттерімен анықталады, мысалы, эмоциялық әсер, көмекке жүгіну, қызметті басқару, ақпаратты сұрату, іс жүргізу әрекеттерін орындау, ақпаратты сақтау, адамның шығармашылық әлеуметін жазбаша бейнелеу.
7-билет. 1. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ. СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР. СӨЗЖАСАМДЫҚ МАҒЫНА. СӨЗЖАСАМДЫҚ БІРЛІКТЕР.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.
1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы.Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Өйткені тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен байланысты, себебі олардың бәрі тілді зерттейді, сондықтан оларда байланыс болмауы мүмкін емес.Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:1) синтетикалық тәсіл,2) аналитикалық тәсіл,3) лексикасемантикалык тәсіл.Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.Туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б. Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).
Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар.Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп:бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.бЛексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.
Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.
Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет