1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет20/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.
Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.
Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат — оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.
Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,
Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2—3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 — 2 минут уақыт беріледі. Содан ке-йін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.
Графикалық (сызба)диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.
Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.
Ол төмендегіше жүргізіледі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезін-
де тақтаға жазып қояды;
ә) диктаит мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.
5-6-сыпыпта алынатын бақылау диктантының көлемі төмендегідей:
I жарты жылдықта —90-95 сөз,
II жарты жылдықта —95-100 сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет