1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет25/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

15. Ұрғашы мәнді жұрнақ
Ұрғашы мәнін білдіретін -жын, -жін жұрнағы бар. Ол санаулы сөзге ғана жалғанады: құнажын, дөнежін. Мысалы, Бәубек тай, жабағы, құнажын, дөнежіндердің семізін карастырып жүргенде, Қазанқап көк қасқа биеге нұсқады (Ғ.Мүстафин). Күлаш еңбек еткен ферманың сауын сиырлары "алатау" тұқымдас дөнежін сиырлармен толықтырылды (газеттен). Ал 3 жас 8 айлық дөнежін інгендердің салмағы сақ інгендерден 19 кг. артык тартқан (И.Жұмағүлов). Бұзауын сағынған кұнажындар жіңішке даусымен мөңіреп, мен келе жатырмын деп хабар беріп қойды (Б.Соқпақбаев).
16. Кішірейту мәнді жұрнақтар
Кішірейту мәнінде тілде қолданылатын жұрнақтар бірсыпыра-Олар: -шық, -шік, -қал, -ша, -ше, -шақ, -шек, -ес, -қа, -пан, -анақ, -паң, -қалаң. Бұл мәндегі жұрнақтардың көп болу себебі бар, олар адаммен байланысты да, үй жануарларымен байланысты да, басқа жансыз заттармен байланысты да қолданылады яғни олардың қолданылу аясы кең.
1) -шық, -шік жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, ол заттың атауына кішірйту мәнін қосады. Олар: үйшік> қалашық, төбешік, көлшік, кіршік, адыршық, қапшық, қылшық, ойыншық, тығыншық, дорбашық, талшық, түйіршік, боташық, шиыршық т.б. заттың атын жасаған ірімшік, ойыншық сөздеріндегі -шық, -шік жұрнағының да түп негізі осы жұрнақпен бір болуы мүмкін.
Кішірейту мәніндегі -шық, -шік жұрнағының тілдегі колданысы аз емес, бірсыпыра. Мысалы, Бүлдырап, бүлт ішінен беріп елес, Адыршық арал сынды белес-белес (А.Тоқмағамбетов).Өзім өсірген текешігім өз басыма секірді (мәтел).
2) -шақ, -шек жұрнағы жанды, жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады: інішек, құлыншақ, жұтқыншақ, тоқтышақ, бөктеріншек, салпыншақ т.б. Мысалы, Танакөз қанжығасына қаранып, бөктеріншегін түгелдей береді (Ғ.Мүстафин), - Інішек, жол көрсетіп жіберші (С.Мүқанов).
Келіншек, шынашақ сөздерінің құрамындағы —шақ, -шек жұрнағы осы кішірейту мәндегі жұрнақпен төркіндес деуге болады.
3) -ша, -ше жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оларға кішілік мән қосады. Кейде жекелеген жанды зат атауларына жалғанып, оларға да кішілік мән қосуы кездеседі.
Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар
1) -пан жұрнағы зат есімге қосылып, оған кішілік мән береді. Ол кіші мәнді бала сөзіне жалғанып, кұстың баласының атын жасаған. Ол - балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ.
2) -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі. 3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ.
4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді. 5) -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз. 6) -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев).
7) -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов).
8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев).
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақгар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б.
Етістіктің жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді: 1) жалаң жұрнақтар бір морфемадан тұрады: ақта, есей, сыйла, өзгер, менсін, жолық, теңел, адамсы, құтай, ата, аунакқшы т.б.
Құранды жұрнақтар ең кемі екі морфомадан құралады: -лан(-ла+-н), -лат(-ла+-т),-лас(-ла+-с),-сара(-са+-ра),-ырай(-ыр+-ай):қарулан, әндет, көмектес, ойсыра, ажырай, бадырай и т.д.
Сонымен бірге етістіктің жекелеген туынды түбір етістік жасаған өнімсіз жұрнақтары да бар: -ши (шұқши), -и (селти), -ке (иіске), -іне (есіне), -ірке (есірке, мүсірке, тосырқа) т.б.
Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтары лексикалық мағынаға әсеріне қарай сөз өзгертуші және сөз түрлендіруші жұрнақтар болып бөлінеді. Сөз өзгертуші жұрнақтарға негізінен есім сөздерден етістік
тудыратын жұрнақтар жатады. Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтарға етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар жатады. Лексикалық мағынаны өзгертетін жұрнақтар деп негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан қимыл мағынасын жасайтын жұрнақтар аталады.
2. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы. Махамбет жырларындағы сыншыл реализм мен романтика, тақырып ауқымдылығы.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. Махамбет поэзиясының тілі – шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген. Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Махамбет жырлары түгелдей Исатай Тайманов бастаған халықтық көтеріліс (1836-1837) тарихымен тығыз байланысты екені мәлім. Сырт қарағанда, Жәңгір ханның үстемдігіне қарсы ұйымдастырылған сияқты көрінгенмен, бүл көтеріліс түптеп келгенде, патшаның отарлаушылық саясатына қарсы бағытталған болатын. Оны кезінде Халел Досмұхамедов ашық айтқан. "Қазақтың хандығы ресми түрде XIX ғасырдың ортасына дейін созылса да, шынында Әбілхайырдан бастап қазақ хандары патша өкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан 1731 жылдан бергі кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсынкөтерілістерінің бәрін патша өкіметіне қарсы көтерілістер деп атау керек", — деп жазған еді ол. Махамбет жырлары — осы көтерілістің үні, ұраны. Ол, сөзсіз, қазақ әдебиетіндегі отаршылдыққа қарсы күрес жырларының ең жарқын беттері. Мұнда көтерілістің мақсат -мұраты, оған араласатын ерлердің қандай болуы керектігі, соғыс суреттері, Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар, ақынның оз жайы, көңіл-күйіне байланысты өлеңдер жалғасып, көтеріліс тарихын тұтас күйінде көркем бейнелейді. Махамбет — ақын ғана емес, көтерілісті бірге ұйымдастырған, жорықта ірі қайрат көрсеткен Исатайдың серігі, атақты батыры. Ол — ат үстінде туған жауынгер жырларымен күрескерлерге рух берген, тыңдаушысын қыздырып, еліктіріп алып кете алатын өнер иесі. Әрине, Махамбет жырлары тақыр жерге біткен өнер емес. Ол — кешегі түркінің, тұтастай алсақ көшпелілердің асау мінезінің жалғасы. Өмір бойы қоныс қуып, ата мекенін қорғаған, намыс пен рухтан жаралған, мәрт мінезді, еркіндіктің құлының мінезі. Қазақ елінің бодандыққа мойын ұсынар алдындағы соңғы тұяқ сепкен қылығы мен айбынды сөзі Махамбеттен шыққан. Ол ой толғап, ақылгөйсіп отыратын мезгілдің өтіп кеткенін, ендігі іске күрес адамы — нағыз ер керектігін жария етті. Ондай ерлердің "ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай, ... тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей" ісі бітпейтінін айтты. Исатай екеуі бастаған көтерілістің ауырлығын түсінген ол жұртты тік көтеріп, "біздің бүйткен бұл іске", "толарсақтан саз кешіп, тоқтамай тартып шығатын, Қас үлектен туған Қате қара нар керек, қабырғасын қаусатып, бір - біріндеп сөксе де, қабағын шытпас ер керек" деп ұрандады. Бұл тұрғыда Махамбет атаның ерлік жорығының заманы ұмытыла бастаған тұста, отаршылдық езгі мәңгүрт ете бастаған жаңа қауымның санасын жаңғыртушы, рухын сілкіндіруші ақын болды. Заман мен адам арасындағы қайшылықты тек үреспен шешуге болады деп пайымдады. Елге тендік әперу, азаттыққа, еркіндікке қол жеткізу — оның арманы болды. "Қарындастың қамы үшін, Қатын менен бала үшін", "Халық үшін қанды төгем деп, қараны ханға теңеп берем деп", "Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толқытсам деп едім" деген жолдар оның күрескерлік мұратын танытады
Ол әділетсіздікті бетке айтқан, осы жолда жалтаруды, іркілуді білмеген батыр ақын. Оның Жәңгірге, Баймағанбет сұлтанға сөздері — "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деген қазақ рухының биік мінберінен айтылған сөздер. Махамбет жырларындағы Адам ірі, кесек мінездің көрінісі. Жақсы мен жаманды көп көрген адам есебінде ақын ер мен езді қарама-қарсы қоя, салыстыра суреттер жасайды. өлең күрес үстінде, дамылсыз ат үстінде өткізген күндердің сабағы. Осындай өмір мен өлім таласында ерлік пен ездік, адалдық пен пасықтық, уәдеге беріктік пен опасыздық айқын бой көрсететіні анық. Ақын осыны тұжырымдап, түйіндей білді. Оның "Арғымақтан туған қазанат өлеңі осындай болады. Махамбеттің өлеңдері өмір шындығынан үлкен сабақ түйген, терең ой, парасатты философияға негізделген даналыққа толы келеді. Күрескер ақын сол арқылы тыңдаушысын жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Жігерге жігер қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет