1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Туыстық атаулар жасайтын жұрнақтар



бет24/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
6. Туыстық атаулар жасайтын жұрнақтар
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ағалық, жиендік, туыстық, тоқалдық т.б. -дас/-тас: қарындас, бауырлас, туыстас, қандас. Мысалы, Қарындасы Астанада оқиды (газеттен).
7. Тағам атауларын жасайтын жұрнақтар
-дық: тұздық, уыздык, Мысалы, Уыздыққа тоймаған баладай (сөйлеу тілі)
-не: сірне. Мысалы, Сірне жасау әркімнің қолынан келмейді
-шік: ірімшік.
-лақ, -дак/-тақ: балмұздақ, тұздақ, ұнтақ.
-сын: сусын.
8. Дене мүшелері атауларын жасайтын жұрнақтар
тақ: шынтақ.
9. Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақ
-лық: апталық, күздік, айлық, жетілік, жыддық, қыстық т.б.
10. Дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын жұрнақ
-лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік: ғұламалық, әзәзілдік, зұлматтық, зәбірлік, кәпірлік, батырлық, кұпиялық, достық, қателік, қастықтық. Мысалы, Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды (Шәкәрім).
-ым/-ім, -м: қайырым, мейірім, қарым.
-шілік/-шылық: кәріпшілік, мүмкіншілік, бейбітшілік, шүкіршілік, адамшылық, әурешілік. Мысалы, Сондай бейбітшіліктің бәрінде мүлік артқан, керуен тартқан саудагер найман еліне келіп, дастарқан басында әңгіме- дүкен құрып, өздерінің Сарыөзектен кедергісіз өткенін айтады (Шыңғыс Айтматов).
11. Қарым-қатыс атауларын жасайтын жұрнақ -дас/-дес, -тас/-тес, -лас/-лес: замандас, жолдас, отандас, әріптес, күндес, жерлес, мұңдас. Мысалы, Заманымыз бір сыйлы замандасым сенен жасыратын сыр жоқ (С.Мәуленов).
12. Аспаптар атауын жасайтын жұрнақ
-ген: сазген, жетіген. Мысалы, Жетіген көне аспап (газеттен). -ган, -кен: құмған, желкен. Мысалы, Желкенге міндім, көзді жұмдым (Қ. Асанов). -ман: сайман. -пар: шоқпар.
13. Еркелету, әрі кішірейту мәнді жұрнақтар
Еркелету әрі кішірейту мәнін білдіретін жұрнақтар: -қан, -ш. Мысалы, Балақан-ау, балақан, сүт пісіріп сен үшін, демалмай жүр әлі апаң (Ғ.Мүсірепов). Боташым менің, құлыным (С.Мұқанов).
14. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.
1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. 2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол –сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов).
3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мән береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов).
4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін біддіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет