Диктант мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіндері: - қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;
- сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін,оқылу интонациясын ескеру;
- жай сөйлем,құрмалас сөйлемдердің түрлерінің барын анықтау,ондағы екпін,тыныс белгілеріне көңіл бөлу;
- сызықша,тырнақша тәрізді белгілерді қолдану жүйесі;
- егер диктанттың мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе,онда олар тақтаға жазылады.
- Мәтінді мәнерлеп оқып шығып,содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды.Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады.Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады.Диктант мәтінін қайтадан көшіруге болмайды.
- Бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері есептеледі.
- Жалпы екі баға қойылады, бірінші баға сауаттылыққа,екінші баға грамматикалық тапсырмаларға қойылады.
8-билет. 1. Сөз таптарының сөзжасамы. Есім сөздердің сөзжасамы. Етістіктің сөзжасамы. Зерттелу жайы. Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі толықтырып отыратын сөзтаптары. Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті, сондықган тілде зат есім, сын есімдердің туынды сөздері өте көп. Зат есім сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етсе, сан есімде негізінен аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім өз құрамын үнемі туынды сөздермен толықтырып отыратын сөз табы болса, сан есім өз құрамын туынды сөздермен толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім мен сын есім сөзжасамы өте өнімді. құнарлы болса, үстеу сөзжасамында өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Зат есім - сөзжасамы өте күрделі сөз табы. Оның түрлі себептері бар. Зат есімде сөзжасам тәсілдерінің бәрі қызмет етеді және бәрі де белсенді қызмет атқарады. Ал ол туынды зат есімдердей құрамының алуан түрлі болуына әсер етеді. Туынды зат есімдердің құрамының түрлілігі олардың түрлі топ құрауына әкеледі. ТуындыІ зат есімдердің әр түрінің өзіндік ерекшелігі бар.
Туынды зат есім сөздерге тіліміз өте бай. Туынды зат есім сөздердің тілден мол орын алатыны зат есімнің шындық өмірге байланыстылығын былай қойғанда, зат есімнің сөзжасамдық ішкі мүмкіншіліктерінің молдығына, күрделігіне байланысты. Зат есім сөзжасамында тілдегі сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі белсенді қызмет атқарады..Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын жұрнақтар аталады. Мысалы, тыңшы, қызметкер, арбакеш, сыпырғыш, қуаныш, елеуіш, жақсылык,үлкендік, ондық, жүздік т.б.